• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2015

Израиль жұртының 70 пайызы кредитпен күн көреді

308 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 наурыз. Израиль азаматтарының 70 пайызы кредитпен күн көретін болып шықты. Бұл туралы Lenta.Ru хабарлады. «Соңғы 5 жылда израильдіктердің банк алдындағы қарызы (ипотекалық несиелерді санамағанда) 37 пайызға өсті», - делінген хабарламада. Израиль тұрғындары үшін шамадан тыс қаржы жұмсау үйреншікті дағдыға айналған. Олар дүкендер мен ойынханалардан айналшықтап шықпайды. Осыдан есепсіз қарыздар пайда болады. Қазір ел жұртының банк алдындағы қарызы 33 миллиард долларға жеткен. Бұл мұндағылардың 70 пайызын кредит құрсауына кіргізіп жіберген. Кейбіреулер осындай жағдайға тап болуын банк қызметкерлерінен көреді. Мұның тағы мынадай сеьептері бар. Біріншіден, Израильде бәрі қымбат. Халықтың өмір сүруіне жетпей жатыр. Екіншіден, израильдіктердің қаржы сауаттылығы төмен. Олар шығында өмір сүріп үйренген. Банктер үшін де бұл тиімді. Өйткені карточкада ақша таусылған соң жұрттар қайта қарызға кіре береді. Оның пайыздық төлемі несиеден әлдеқайда жоғары. Ешбір Еуропа елінің азаматы ондай қадамға бармас еді. Бірақ израильдіктер үшін ол қалыпты жағдай. Психологтар шамасына қарамай сауда жасағысы келетіндерге «несиеге тәуелділік» деген диагноз қойған. Ондайлар қалаған тауарын несие картасында ақшасы жетпесе де қарызға кіріп тұрып алады. Ал қарызды жабу үшін басқа несие алады. Осылайша қарыздарды азайтамын деп одан сайын көбейтіп, бір шеңберде айналып жүре береді. Қазір дәл осындай жүйемен израильдіктердің 40 пайызы өмір сүріп жатыр. Мұрат Айтқожа.