• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2015

Ресейдің бірінші космонавт әйелі ғарыштан оралды

491 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 наурыз. «Союз ТМА-14М» ғарыш кемесінің аппараты жерге қайтып оралды. Ол ғарышта 170 тәулік болып, межеленген мерзімде Қазақстан жеріне қонды. Бұл туралы ТАСС хабарлады. Оның бортында ХҒС экипажының үш мүшесі, ресейлік: Александр Самокутяев, Елена Серова (суретте) және NASA ғарышкері Барри Уилмор бар. Аппарат жоспарланған ауданға қонды. Нақтырақ айтқанда, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтыққа түсті. Ресейдің вице-премьері Дмитрий Рогозин экипаж мүшелерінің жағдайлары жақсы екенін мәлімдеді. Ғарышқа бұл жолғы сапардың ерекшелігі, Кеңес Одағы тарап, Ресейдің өзі дербес мемлекетке айналғалы бері оның бірінші космонавт әйелі ғарыш көгіне көтеріліп, одан аман-есен оралып отыр. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: ТАСС.