АСТАНА. 12 наурыз. АҚШ-тың Фергюсон қаласында бейбіт шеруге шыққан демонстранттардың арасынан әлдекімдер полицейлерді тапаншамен атқан. Соның салдарынан 2 полиция қызметкері жараланды. Бұл туралы mir24.tv хабарлады.
Оқиға қаладағы Сент-Луис округінде түн жарымда орын алған.
Хабарламада көрсетілгендей, оқ тиген полицейлердің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ, алайда, олар ауыр жараланған.
Айта кетейік, Фергюсонда билікке қарсы бас көтеріп жатқан ереуілшілер әлі басылар емес. Олар Майкл Браун деген қара нәсілді жасөспірімді атып өлтірген полиция қызметкері Даррен Уилсонға лайықты жаса тағайындалуын талап етуде.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: mir24.tv.