• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2015

Михаил Горбачев жол апатына түсіп қалды

295 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 сәуір. Кеңес Одағының бірінші және соңғы президенті Михаил Горбачев Мәскеудің солтүстік-батыс жағында жол-көлік апатына түсіп қалды. Бұл туралы Ресей астанасы қалалық ішкі істер департаменті бас басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ТАСС хабарлады. «Жол-көлік оқиғасы 3 сәуір, жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:40-қа жақын Куусинен көшесінде болған», - деп жазады Lenta.ru. ТАСС-тың мәліметінше Михаил Горбачевтің өзі бұл апаттан ешқандай зардап шекпеген. Горбачев  LifeNews сайтына берген мәліметінде жүргізушінің де зардап шекпегенін жеткізген. «Жол-көлік оқиғасына кімнің кінәлі екенін білмеймін, оны ГИБДД анықтауы тиіс. Біз барлық машинамен бірге жалпы белдеуде келе жаттық», - деді Михаил Сергеевич. Құрыш Нұрымбет. Мәнбе, фото: Lenta.ru.  
Соңғы жаңалықтар