• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2015

Англияда өрт салдарынан екі отандасымыз зардап шекті

312 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 сәуір. Англияның солтүстік-шығысындағы Ноттингем қаласында студенттер жатақханасынан өрт шықты. Салдарынан бірнеше студент зардап шекті. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Бұл туралы khabar.kz хабарлады. Тілсіз жау ғимаратқа айтарлықтай зақым келтірді. Сондай-ақ, студенттердің киім-кешектері мен дүние-мүліктері де отқа оранды. Өрт сөндіру кезінде ондаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. «ҚазАльянс» шет елдердегі қазақстандық студенттер бірлестігінің президенті Рашид Аюповтың айтуынша, зардап шеккендердің арасында екі отандасымыз бар. «Екеуі де сол жақта білім алуда. Біз апаттан кейін олармен хабарласып, алғашқы көмегімізді көрсеттік. Әрқайсысына уақытша жататын орын тауып, киім-кешек алу үшін 500 фунт стерлингтен бір мезеттік қаржы аударылды. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы «Болашақ» стипендиясының өкілдері де көмек қолын созуда», – дейді Р.Аюпов. Айта кетейік, жатақхана бұрын темекі фабрикасының ғимараты болған. Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2014 жылы шет елдерде оқитын отандастарымыздың саны 45 мыңды құраған. Соның ішінде Ұлыбританияда 4 000 қазақстандық білім алуда. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: khabar.kz.