• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2015

Ұлыбританияда көзсіз сәби туылды

314 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 сәуір. Оңтүстік Уэльстегі валий отбасында көзі жоқ нәресте туылды. Бұл туралы «БелТА» хабарлады. Дейзи деген есім берілген сәбидің анасы Даниэль Дэвис перзентінің осындай жағдайда туылатынын медицинаның көмегімен алдын ала білген. Оған дәрігерлер түсік жасауға кеңес береді. Бірақ, 24 жастағы әйел олардың үгітіне көнбеген. Мамандардың айтуынша, мұндай дерт өте сирек кездеседі екен. Ол көз жасушаларының жетіспеушілігінен болатын көрінеді. Даниэль Дэвис өз баласын ешкімнен кем қылмай өсіретінін айтады. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: «БелТА».