• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2015

Актёр Михаил Ефремов Мәскеу метросына жұмыс істеуге кетті

359 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 сәуір. Белгілі актёр Михаил Ефремов Мәскеу «жер асты жолдарында» стансалардың аттарын хабарлап тұратын болады. Бұл туралы «Омск Здесь» сайты хабарлады. Әртіс Мәскеу метрополитенінің салынғанына 80 жыл толуына арналған акцияға қатысады. Ал Кремльді қаланың метросы 1935 жылғы 15 мамырда ашылғаны белгілі. Осының алдында Михаил Олегович дыбыс жазушы студияға барып, жоба үшін керекті аялдамалар аттарын хабарлау мәтінін жаздырып қойды. «Мәскеу метрополитені – әлемдегі ең жақсы метро. Ал менің мұндағы ең сүйікті стансам – Московская». Неге «Московская»? Себебі, біреу-ақ. Себебі, онда театр өте көп», - деп түсіндірді актёр. Бұған қосатынымыз, «жер астының» бірінші мерекелік акциясы 2004 жылы өткен болатын. Сол жолы метро жолаушылары екі апта бойына Галина Волчек, Константин Райкин, Александр Ширвиндт секілді тағы да басқа көптеген танымал тұлғалардың дауыстарын естіп еді. Қайрат Сүйімбай. Мәнбе: Омск Здесь. Фото: nsn.fm.