• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2015

Қарағандыда інісін өлтірген қыз соттан өзін ақтауды талап етеді

301 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 5 сәуір. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Қаламқас Аманбек облыстық сотқа өзіне тағылған 11 жастағы жиен інісі Леон Серікбаевты өлтірді және қара күзен тонды ұрлады деген айыптардан ақтап шығуды талап еткен апелляциялық шағым жазды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Мұндай апелляциялық шағымды өлген баланың ата-анасы да жазды. Олар үкімді заңды күшінде қалдыруды немесе бұрынғыдан да күшейтуді өтінеді. Леонның әпкесі Жанет Серікбаева нағашысы Қаламқастың жоғары инстанцияға шағымданып жатқанын растады. «Ол куәлардың көрсетулері мен тексеру әділ жүрмеді, ешқайсысы да ештеңе көрместен, бәрін долбарлап айтты» деп отыр. Ол сондай-ақ үйге келгенімен, ішке кірмегенін айтады. Біз өз шағымымызда үкімді күшінде қалдыруды немесе бұрынғыдан да күшейтуді өтіндік», - деді Жанет. Шағымды облыстық соттың кеңсесі қабылдап алған. Аталмыш мәселені қарайтын отырыстың өтетін уақыты әзірге белгісіз. Еске сала кетейік, Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарағанды экономикалық университетінің студенті Қаламқас Аманбекті қара күзен тонын ұрлап әкету үшін жиені Леон Серікбаевты өлтірген деп тауып, оны 17 жылға бас бостандығынан айырды. Атап өтейік, сотталушының жаңа туған қызының жоқ болып кетуіне байланысты да қылмыстық іс қозғалды. Сотта Леон Серікбаевтың әкесі айтқандай, Қаламқас 2014 жылдың ақпан айында қыз туып алады. Бірақ артынан нәресте жоқ болып кетеді. Леон Серікбаев 2014 жылғы 25 қыркүйекте өлтірілді. Бала бойжеткеннің үйден анасының тонын ұрлап бара жатқанын көріп қалған. Тергеудің болжамы бойынша, қыз алдымен 11 жасар баланы ұрады, соңынан пышақ салып алады. Сосын марқұмның киімдері мен заттарын жағып жіберіп, мәйітін есіктің алдындағы әжетхананың  шұңқырына тастайды. Сотта мұның бәрі бейнематериал арқылы көрсетілді. Роликтердің бірінде айыпталушының ломбардқа барып, ұрланған тонды өткізіп жатқаны көрініп тұр. Судья сол кезде қыздан кадрдағы кім екенін сұрағанда, ол өзінің нашар көретінін айтқан. Оны ломбард қызметкері де таныған. Сондай-ақ көрші әйел де Леонды жетелеп алып бара жатқан қыздың осы екенін айтып берген. Айқын Несіпбай. Дерек, сурет: Tengrinews.kz.