АСТАНА. 5 сәуір. Мамандар рациондағы жұмыртқаны көбейту диабетпен ауыру тәуекелін төмендететінін анықтап отыр. Бұл туралы «Алтапресс.ру» хабарлады.
Зерттеуге жастары 42-60 аралығындағы 2 мың адам өз еріктерімен қатысқан. Мамандар олардың денсаулықтарын 20 жыл бойы бақылап келген. Осы уақыттың ішінде топтың құрамына кірген 430 адам диабет ауруына шалдыққан. Ғалымдар бұл аралықта аптасына 4 тұқым пайдаланып отырған адамдардың диабетпен ауыруы 37 пайызға төмендейтінін байқаған. Олар сонымен қатар мұндай көрсеткіштің тек қана еркектер тобында көрініс бергеніне назар аударады.
«Тауықтың тұқымы бойында организмдегі глюкозаны сіңіруді жақсартып, аурудың қозуын азайтатын пайдалы элементтер бар. Ғалымдар сонымен қатар, 2 типті диабетпен ауыратын адамдарға жұмыртқаны көп пайдаланбауды ұсынады. Себебі, ол жүрек ауруын күшейтіп жібереді», - деп жазады svopi.
Мұрат Айтқожа.
Мәнбе: Алтапресс.ру.
Сурет: burtas.ru.