• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2010

Билік пен полицияның мүддесі бір

481 рет
көрсетілді

Соңғы кезде Жамбыл облысы ІІД-нің қызметінде ілгерілеушілік байқалады. Жыл басынан бергі атқа­рыл­ған қызметке сараптама жасалған кезде, мысалы, полиция жасағының жету уақыты бұрынғыдан жеделдей түскен. Бұл көңіл толарлық жағдай. Өйт­кені, құқық бұзушы қылмыс жаса­ғаннан кейін 10 минөт ішінде хабарласып, полиция қызметкерлері оқиға орын алған жерге жедел жетіп үлгерсе, онда қастандық әрекеттердің 80 пайызы ізі суымай ашылады екен. Ал бұрын “02”-ге хабарласу қи­ынға соғатын, соның салдарынан кезек­ші жасақтар шақырылған жерге дер кезінде жете алмайтын. Қазір бұл қызметті көп арналы телефон ап­параттарының көмегімен үш оператор сапалы атқаруда. Соның нәтижесінде қылмыстық оқиғаның тәулік ішіндегі ашылуы 82 пайызды құрап отыр. Мысалы, жыл басынан бері бейне­бақылау жүйесі көмегімен 61 қылмыс ашылса, оның ішінде тонау мен қарақшылық шабуыл – 21, ұрлық 24 рет орын алыпты. Құқықтық тәртіпті нығайтып, аза­маттардың қауіпсіздігін күшейтуге мүд­­делі облыс әкімі Қ. Бозымбаев бейнекамералар санының артып, поли­ция қызметіне қажетті басқа да тех­никалық құрал-жабдықтарды кө­бейтуге жете мән беріп отыр. Биылғы жылдың соңына дейін техникалық базаға тағы 40 бейнекамера қосыл­мақ­шы. Ол бейнекамералар қоғамдық ор­ындарға, білім беру мекемелері ма­ңына және халық көп шоғырланатын жерлерге қойылмақ. Кафелер мен түнгі клубтарға бейнекамералар орнату мен меншік иелері есебінен жеке күзет құрылымдарын тарту жөнінде Тараз қаласының әкімі Е. Астаев та жақсы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, облыс әкімінің баста­ма­сымен арнайы жасақ, патрульдік жол полициясының саптық бөлім­ше­лері мен мектеп инспекторларын 200 қызметкерге толықтыруға ақшалай қаражат бөлу жоспарлануда. Авто­парк­тегі қызметтік автокөліктерді 46 бірлікке арттыру және қызметтік форма алу, ІІД-не қарасты ғима­раттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, материалдық-техникалық базасын күшейту, сонымен бірге жол полициясы басқармасы әкімшілік ғимаратының жаңа құрылысын бастау жоспарланды. Қазіргі таңда ІІД қызметкерлеріне арналған көп қабатты үй құрылысына жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда. Облыс ІІД-іне келсек, мұнда өңір полициясының басшысы, полковник Б. Аймағамбетов қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту бойынша жеке құраммен тиімді іс-шаралар қабыл­дап, патрульдік полиция қыз­метін кү­шейтуде және реформалауда. Соның нәтижесінде, патрульді-бекеттік жасақтың беріктігі мен патрульдеудің жаңа маршруттарының саны арта түскен. Тергеу мен криминогендік тек­серудің бастапқы кезеңінде шұғыл тексеру әрекеттерін жүргізудегі тер­геу-жедел топтарының мүмкін­дік­теріне, жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының, басқарма мен полиция еңбегіндегі ғылыми ұйым­дар­дың ак­туаль­ды мәселелері де шешіле бастаған. Облыста полицияның барлық авто­парктерін спутниктік навигация жүйесімен жабдықтау мәселесі де ойластырылуда. Сондай-ақ, біраз жыл бұрын өз жұмысын тоқтатқан меди­ци­налық сауықтыру орнын қайта ашу мәселесі де қарастырылуда. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.