• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2010

Ел дамуының өзекті мәселелері

497 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусиннің және Президенттің көмекшісі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кеңестің барысында әңгіме Қа­зақстанның индустриялық-инно­вациялық даму стратегия­сын іске асырудың қарқыны мен сапа­сы ту­­ралы болды, Стратегия аясында қа­зірдің өзінде 74 жаңа өндіріс ашыл­­ды және жыл ая­ғына дейін та­ғы осынша кә­сіп­орын іске қосы­луы тиіс. Сон­дай-ақ Үкімет бас­шы­сы Прези­дентке келесі жылға ар­нал­ған мемле­кет­тік бюд­жетті қа­лып­тас­ты­ру­дың барысы және бі­рінші жарты­жылдықтағы ел да­муы­ның негізгі эконо­микалық көр­сет­кіштері туралы баяндап берді. Кеңес қорытындысы бойын­ша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.