2010 жылғы 10 тамыз Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. “Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 72-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
“Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”;
1-тармақтағы “Экономика және бюджеттік жоспарлау” деген сөздер “Экономикалық даму және сауда” деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
ТОЛЫҒЫМЕН 813-қаулы