Қаржы рыногындағы жаңа жобалардың, ең алдымен тиімділігімен және сапалылығымен ерекшеленуі – бүгінгі күннің ең басты талабы екендігі айдай ақиқат. Бұл орайда “Альянс Банкі” АҚ бұл бағытта бірқатар ықпалды іс-шараларды қолға алып, оны дәйектілікпен жүзеге асыруда. Мәселен, банктің “Альянсипотека” өнімі атап айтуға тұрарлық, өйткені оның банк клиенттері үшін өзіндік артықшылықтары жеткілікті екендігі сөзсіз.
Ең алдымен, “Альянсипотека” бағдарламасы аясындағы қаржыландыру мерзіміне келсек, белгіленген келісімшарт уақыты көпшілік талабына сай келмек. Анығырақ айтқанда, несиелендіру мерзімі 37 айдан – 240 айға дейінгі уақытты құрайды. Займ көлемінің ең төменгі мөлшері – 1.100.000 теңге, ал ең жоғарғы сома – 30 миллион теңгеге дейін көтерілмек. Тағы бір атап өтерлік жайт, Альянс Банкінің ипотекалық несиесі займшының кірісі толықтай нақтыланған жағдайда алынатын жылжымайтын мүлік құнының 90 пайызына дейін ұсынылады. Үшіншіден, ипотекалық несие жылдық 13 пайыз мөлшерлемесімен ұсынылып, сәуір және қазан айларында, жылына екі рет қайта қаралады. Қарыз мақсаты айқын, ол – тұрғын үй жылжымайтын мүлікті пайдалануға бағытталып отыр.
“Альянсипотека” бағдарламасы бойынша ипотекалық несие алу үшін кепілге еліміздегі өзге қаржы институттарындағыдай жылжымайтын мүлік қойылуы қажет. Ипотекалық несие “кімдерге беріледі және ондағы талаптар қандай” деген көп көңілінде жүрген сауалдарға келсек, бұл мәселеде де соншалықты күрделілік жоқ. Ипотекалық несиені Қазақстан Республикасының азаматы ғана алуға толық құқы бар. Қарыз жасы 21-ге толғандардан бастап, әйелдер үшін – 58, ал ерлер үшін – 63 жасқа дейінгілерге ғана беріледі. Және де “Альянс Банкі” клиенттерінің қарызды төлеудегі төлем қабілеті, кірісінің толық нақтылануы ең басты шарттардың қатарына жатады. Көпшілікке белгілі, қандай жағдайда болмасын істің оңтайлы шешімін табудың берері мол екендігі сөзсіз.
Сондай-ақ, Альянс Банкінен ипотекалық несие алушылар егер өздерінің қарызын мерзімінен бұрын төлеуді ұйғарған болса, оған да қолайлы жағдай, мол мүмкіндік жасалған. Займ берілген уақыттан бастап алты ай мерзім ішінде қарызды мерзімінен бұрын толықтай немесе бөліп төлеу жағдайында займшы негізгі қарызы сомасынан 1 пайыз көлемінде комиссиялық сыйақы төлейді. Ал, займ берілген мерзімінен бастап арада алты ай өткеннен кейін толық немесе жеке мерзімінен бұрын төлем үшін комиссия алынбайды.
Альянс Банкінен “Альянсипотека” бағдарламасы аясында ипотекалық несие алуды ұйғарғандардан талап етілетін құжаттар пакетінің саны соншалықты көп болмауы да уақытты үнемдеуге көмектеседі. Ең алдымен, қарыз алу үшін өтініш-анкета толтырғаны жөн. Сонымен қатар несие алушының жеке куәлігі, ҚР салық төлеуші куәлігі (РНН), азаматтарды тіркеу кітабы, кепілдеме берушінің отбасы жағдайын дәлелдейтін құжаттары, займшының кірісі туралы анықтама және тағы да басқа құжаттардың болуы тиіс. “Алаған қолым береген” деп халық ұлағатында айтылғандай, қандай сомада болмасын берілген қарыз уақтылы қайтарылымымен құнды екендігі айтпаса да түсінікті.
Сонымен, банк өз клиенттеріне ипотекалық несиелеудің тиімді шарттарын ұсынумен бірге, оның нарықтағы үлесін арттыру бағытындағы және өзге де іргелі жобаларды қолға алуда.
Бақыт БАЛҒАРИНА,Алматы.