• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2010

Орақ — 2010

560 рет
көрсетілді

Айрықша сынақ кезеңі Еліміздің негізгі астықты ай­мақтарының бірі Ақмола облы­сының диқандары биыл 4 мил­лион 434 мың гектар алқапқа дән­ді және бұршақ дақылдарын сеп­кен болатын. Ауа райының құр­ғақ­шылығы орақ науқанын ерте бастауға мәжбүрледі. Өнімділік те әркелкі. Гектар басы 3-12 цент­нер­дің аралығында астық басты­рылады деп күтілуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орақ науқаны алдында облыстың Целиноград ауданында болған кезінде көңілге серпін қосар тап­сырмалар берді. Ол — өсірілген өнімді қысқа мерзімде, ысырап­сыз жинап алу. Өңірдің, шаруа­шы­лық нысандарының, облыс тұрғын­дары­ның қаржылық жағ­дайы осы міндеттердің қалай ше­шілетіндігіне тікелей байланысты болмақ. Облыстың барлық аудандары дерлік ерте піскен егінді тікелей шауып жатқаны артық шығынға жол бермейтінін көрсетуде. Ал­ғаш­қы бір аптаның өзінде 2 мил­лион гектарға шалғы түсті. Бұл бү­кіл алқаптың 44,8 пайызын құ­рай­ды. Егіндікөл ауданының диқан-механизаторлары 296 мың гек­тар­дың тең жартысының өнімін жи­нап алды. Қазірше облыс бой­ын­ша әр гектардан 5,6 центнерден ас­тық бастырылуда. Жарыс көшін гектар түсімділігін 8,6 центнерге жеткізген Бурабай ауданы, 7,7 және 7,1 центнерден ырыздық жи­наған Аршалы мен Бұланды аудан­дары бастап келеді.  Қолдағы деректер бойынша биыл­ғы науқанға 9330 астық жинау комбайны, оның ішінде жоғары өнімді 876 шетел комбайны қа­тыстырылады. Жұмыс жоспарына сәйкес облыс бой­ын­ша тәуліктік өнімділік 160 мың гек­тарды құрауы тиіс. Мұның өзі орақ науқанын 22 күннің ішінде аяқтап шығуға мүмкіндік бер­мекші. Күз айрықша құбылмалы мі­нез­бен басталды. Тамыздың соңғы күні 40 градустық ыстықпен шыж­ғыртып тұрса, қыркүйектің басы кәдімгідей қалтыратып тұр. Бұл етек-жеңді жинап, қимылды есе­лей түсу керектігін аңғартқан ес­кер­тудің өзі. Мұны, алдымен, 2 қыр­күйекте қолдағы 807 комбайн­ның 285-ін алқапқа шығарған Сандық­тау, 454-тің 218-ін жұмыс­қа қосқан Бурабай, 434 ком­байн­ның 157-ін жүргізген Шортанды аудандарына қаратып айтуға болады. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыс­та­рын жанар-жағар маймен қам­та­масыз етуде шешімін күткен мә­селелер болғанымен, қолданылып жатқан шаралар жағдайды жедел түзетуге жетелеуде. Орақ науқа­ны­на 85,5 мың тонна дизель отыны қажет болса, оның 70 мың тонна­сы кепілді түрде берілетін қор. Бұл іспен орталықтандырылған 8 опе­ратор, ірі шаруашылық құрылым­дарының 48 операторы айналы­су­да. Өңірдегі өзекті мәселенің бірі маңдай термен жиналған астықты сапалы сақтауға қатысты екендігі мәлім болып қалды. Соған бай­ла­нысты биыл элеваторлар мен ас­тық қабылдау кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыруға қатысты бақылау күшейтілмек. Қазір лицензияланған 33 кәсіпорынның қуаты 3,5 миллион тонна астықты өңдеп, сақтай алады. Өткен жыл­дарда қызыл дәннің қырмандарда, элеватор аулаларында қар түс­кен­ше жатып қалғаны көз алдымызда. Оның үстіне, бұл салада көрсе­тіл­ген қызмет ақысын шамадан тыс өсіру фактілеріне жол берілген еді. Былтыр осы мәселелер бойынша дау-дамай Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне дейін жеткен. Облыс әкімі С.Дьяченко мұндай ке­лең­сіздікке жол бергендер қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Элеваторларға қатысты толғақ­ты жағдайдың тағы бірі — өткен жылдан қалған 1,6 миллион тонна астықтың қордалануы дер едік. Мұның 130,2 мың тоннасы азық-түліктік астық, 38 мың тоннасы мал азығындық құрама жем. Жыл басынан бері экспорт пен еліміз­дің басқа аймақтарына астық шы­ға­ру қозғалысы жанданғаны­мен, облыс­тың астық қабылдау кәсіп­орын­­дары былтырғы өнімге жа­рым-жар­тылай толып тұр. Оның негізгі бө­лігін (1,1 миллион тонна шамасын­да) “Азық-түлік келісім-шарт кор­порациясы” АҚ астығы құрайды. Ендеше, облыс диқан­дары акцио­нер­лік қоғам басшы­ларының тиісті шешім қабыл­дауына мүдделі екен­дігі белгілі. Аграрлық сала қызметкерлері келесі жылдың өніміне сапалы тұқым қорын сайлап, мал азығын молайту ісін де аса маңызды міндет санауда. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.