• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2010

“Қазгидромет” хабарлайды:

489 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның батыс бөлігінің ауа райы циклон мен соған байланысты орын алған атмосфералық өзгерістің ық­палын­да болады. Батыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының Жа­лаңашкөл өңірінде, күндіз Аты­рау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүс­тік Қазақстан, Ақмола облыс­тарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы сектөнтіне 15-20 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды боран тұрып, желдің күші секөнтіне 15-20 метрге дейін көтеріледі. Маңғыстау, Атырау және Ақмола облыстарында күшті ыстық болады. Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен орталығында және шығысы мен оңтүстік-шығы­сының кей жерлерінде өте жо­ғары өрт қаупі сақталады. Таяудағы тәуліктерде рес­публиканың таулы өзендері мен оңтүстік-шығыс және шығы­сында өзендер деңгейінің өз­геру­лері орын алатын болады.