• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2010

Сыры ашылмаған ескерткіштер қашанғы зерттеусіз қала береді?

469 рет
көрсетілді

Еліміз өз алдына тәуелсіздік алғалы ұлттық, мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, тарихи ескерткіштерді қал­пына келтіру жолында көп іс тынды­рылып жатқаны әмбеге аян. Оларды са­намалап шығу мүмкін емес. Әсіресе, Елбасы тарапынан тікелей қолдау тапқан “Мәдени мұра” бағдарламасы ая­сында атқарылған шаруалар ұшан-теңіз. Айыртау ауданына қарасты Ботай елді мекенінен осыдан елу мың жыл бұрын қолға үйретілген жыл­қылардың сүйек қаңқалары табылып, әлем назарын ау­дарғанын жақсы бі­леміз. Адамдардың ал­ғашқы қауымдас­тығы осы жерді ме­кен­деп, жылқы ұстап, қымыз ашытып, қол­өнермен айналысқанын дүние жүзі ғалым­дарының мойындауы – бәріміз үшін зор мақтаныш. Мен тұратын Кеңащы ауылының маңайы да тарихи ескерткіштерге өте бай. Жұмбақ сырын ішіне бүккен балбал тастардың талай ғасырлық өмірбаяны болғанымен, әлі күнге дейін зерттелмей келе жатқаны өкі­нішті. Тарихи, археоло­гиялық экспе­дициялар алыс елді мекен­дерге ат ізін сала бермейді. Жауын-ша­шын­нан мүжіліп, шөгіп бара жатқан тас қор­ғандардағы жазылған жазуларды айы­руға, оқуға біліміміз жетпейді. Қолы­мыз­дан келгені – көздің қарашы­ғындай қорғау ғана. Өлке тарихын жетік білетін құйма-құлақ қариялар да азайып барады. Бәлкім, осынау құнды жәдігерлердің қай дәуірге жататынын, кім­дердің жерленге­нін арнайы ай­на­лысып жүрген зерт­теу­шілеріміз, ға­лым­дарымыз айырып берер деген үм­іт­пен сүйікті газетім арқылы қай­ыры­лып отырмын. Алда-жалда экспедициялар ұйым­дас­тырыла қалса, жергілікті билік ор­ын­дары тарапынан қаржылық демеу жа­саларына сенімдімін. Қарлығаш ЖИЕНБАЕВА,тарих пәнінің мұғалімі. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Кеңащы ауылы.