• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2010

Мүгедектерге арналған такси

807 рет
көрсетілді

Қазірде еліміздің бірқатар қа­лалары мүгедектерге арналған әлеуметтік такси қызметін пай­да­лануда. Жуырда солардың қа­тарына Семей қаласы да қо­сыл­ды. Әсел Тасмағамбетова тіз­гі­нін ұстап отырған “Сәби” жеке­мен­шік қайрымдылық қоры осын­да­ғы аумақтық мүгедектер қо­ға­мына шетелдік екі көлікті тегін сый­ға тартты. Бұл әлеуметтік такси бірінші және екінші топ мүгедектеріне, қи­мыл-қозғалыс аппарат­та­ры­ның функ­циялары бұзылған мү­ге­дек балаларға, арнайы ар­ба­мен жүретін мү­гедектер және олар­ды ертіп жү­ре­тін адамдарға қыз­мет ете­тін бо­лады. Ал мұн­дағы олар­дың жал­пы саны екі мың­ға жу­ық. Енді оларды ден­сау­лық сақ­тау, халықты әлеу­мет­тік қорғау, мәдениет-спорт ша­раларына, әлеуметтік және тұр­мыстық қыз­мет көрсету ны­сандарына апа­рып келу осы әлеу­меттік так­си қыз­метіне жүк­теліп отыр. Айталық, “Көмек” қайы­рым­­ды­­лық қауымдастығы жа­ны­нан мү­гедек балаларға арналған орта­лық құрылған болатын. Он­да 25 жеткіншек қолөнерімен шұ­ғыл­данады дейді аталған қа­уым­дас­тық президенті Қабыш Дүтбаев. Әлеуметтік такси қыз­меті болса енді сол жет­кін­шектердің біздің орталыққа ке­ліп қайтуына сеп­тігін тигізбек. Осы орайда мүгедек жан­дар­ға елеулі көмек болып табы­ла­тын бұл игі шараға қалалық әкім­дік тара­пынан зор қолдау бол­ған­ды­ғын айта кеткеніміз жөн болар. Се­мей­де жаңадан пайда болған әлеумет­тік такси қыз­метінің тұ­сау­кесер жиын­ын­да ата-аналар аты­нан сөз сөй­леген Гүләйім Бай­­қа­дамо­ва қала жә­не әлеу­мет­т­­ік сала бас­шы­ла­ры­на шын жү­рек­тен алғыс се­зімін білдірді. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.