• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Ақындар үкілі Ыбырайды жырлады

669 рет
көрсетілді

“Достар” мәдениет сарайында Үкілі Ыбырайдың туғанына 150 жыл толуына арналған жас ақындардың аймақтық айтысы болып өтті. Оған Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облысынан таңдаулы 10 ақын қатысты. Екі күнге созылған жыр додасы өзіндік нақышымен тербеліп, Көкшенің өнер кеңістігін кеңіте түскені айқын. Көрермен қауым халқымыздың шебер дүлдүлі Үкілі Ыбырайдың бүгінгі ізбасар ұрпақтарының ізденіс иірімдерінен нәр алып, халықтық өнеріміздің кемел болашағына қол соқты. Қазылар алқасының ұй­ғарымымен бас бәйгені ақмолалық Әлібек Серғалиев иемденсе, керекулік қос ақын Қуаныш Шарманов пен Аспанбек Шұғатаев, қостанайлық Бағила Бал­машева жүлдегерлер сапынан көрінді. Айтысқа қатысушылар мен көрермендерді Үкілі Ыбырай бабамыздың немересі Елемес Есетқызы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Жасұлан Естенов, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі Қадырбай Тоқтасын құттықтап, арнайы жүлделерді тапсырды. Көкшетау қаласы. лдызшы.е қалыптасатын болады, деді жұл Бақберген АМАЛБЕК.