• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2010

Археолог

2055 рет
көрсетілді

Қазақстан архео­логиясы­ның қалыптасуына, Ұлы Жі­бек жолының тари­хын зерттеуге, тәуелсіз Қазақ­станның археология­лық ғы­лы­ми орта­лығын құ­рып, да­мы­туға, кәсі­би ма­ман­дарды дайындауға, археология бо­йынша халық­ара­лық ғылыми-тәжірибелік байла­ныс­ты қа­лыптастыруға қазақ­тың айту­лы азаматы, тарих ғылым­да­ры­ның докторы, профессор, Ұлт­тық ғылым ака­­де­мия­сы­ның академигі Карл Байпақов зор үлес қосып келеді. Ол ұлттық археологияның ір­гетасын қалаушылар Ә.Мар­­ғұлан мен К.Ақышевтің шә­кірті әрі үзеңгілес әріптесі. Қазақстан археологиясы қар­қынды даму жолына түс­кен 1960–1970 жылдары Же­тісу мен Оңтүстік Қазақ­стан­ның ежелгі және ортаға­сыр­лық қалаларын зерттеу ісі кең қанат жайды. К.Ақы­шев­тің бас­қаруымен Оңтүстік Қа­зақ­станның Арыс, Бадам өзен­дері­нің бойы мен Сыр­дария­ның орта ағысындағы қа­ла­ларды зерттеу қолға алын­ды. Карл Молдахметұлы осы зерт­теулердің қайнаған ортасында жүрді. 1969 жылы Қазақстан ар­хео­логиясының зертхана­сы­на айналған Отырар қала­сы­ның орнындағы қазба жұ­мыс­тары басталды. Ғылыми зерттеулерді жүйелі жолға қою мақ­са­тымен Отырар ар­хеоло­гия­лық экспедициясы құрылды. Карл Молдах­мет­ұлы Отырар архео­логиялық экспедициясы бас­шы­сының орынбасары мін­­детін атқар­ды. Отырар­төбе мен оның айналасын­да­ғы Көк­мардан, Құйрық­төбе, Мардан­күйік, Ақ­төбе секілді қала орын­дарында жүргізіл­ген зерт­­­­теулер Қазақстан та­ри­хына тың жаңалықтар әкел­­­ді. Оты­рар оазисі мен Қа­ра­тау бөк­терін­дегі ежелгі қалалар зерттелінді. Отырар мен Отырар оазисінде жүр­гізілген зерттеу­лер­дің негізінде алғашқы мо­но­­графия­лық еңбектер жарық көрді. Құй­рықтөбе қаласында хан­дар­дың салтанатты сарай ке­шені­нің ашылуы, ондағы ағаш тақ­таға ойып салынған қа­ғандар өмірінің көрінісі үлкен ғылыми жаңалық еді. Оты­рар, Қаратау, Арыс өңір­лерін­де жүргізілген зерттеулер Қаң­лы тарихындағы бір­сы­пыра шешілмеген мәсе­лелер­дің бетін ашуға көмек­тесті. 1971-1976 жылдары Оты­рардың жоғарғы қабатында кең көлемде қазба жұмыс­тары жүргізілді. Қала құры­лыс­тары, көшелер жүйесі, тұр­ғын үйлердің түрлері зерт­телінді. Жиналған материалдар кейінгі ортағасырлық Оты­рардың әлеу­меттік-эконо­микалық өмі­рін анықтауға мүм­кіндік берді. Ясы, Таш­кент, Бұқара және Отырардың өзінде соғылған теңгелердің қазбадан көптеп табылуы Ор­та Азиядағы сау­да-эконо­ми­калық қатынасын­да бұл қала­ның маңызды орын алғанын көрсетті. Кейінгі ортағасыр­лық Отырарды зерттеу қазақ халқы мен оның алғашқы мемлекеттік құрылы­мы Қазақ хандығының қалып­тасу тари­хын неғұрлым тере­ңі­рек та­нып, білуге мүмкіндік берсе, 1977-1985 жылдары Отырар­дың ХІІІ – ХV ғғ. жататын құрылыс қабатында қазба жұмыстары жүргізілді. Сол дәуірдің тұрғын үйлер кешені мен қорғаныс жүйесі ашы­лып, қыш ыдыстар мен металдан, шыныдан жасалған бұ­йымдардан тұратын архео­ло­гиялық жәдігерлер көптеп табылды. Отырар мен басқа да қалалардың осы дәуір қаба­тында жүргізілген қазба жұ­мыс­тары Қазақстан, тіпті Орта Азия тарихында қалып­тас­қан жаңсақ көзқарасты теріске шы­ғару мүмкіндігін көр­сетті. Ол Қазақстан мен Орта Азия­ның көптеген қала­лары мон­ғол шапқыншылы­ғынан кейін тіршілігін тоқ­татқан, отырық­шы мәдениет үлкен күйреуге ұшырап, қа­зақтар көшпелі тіршілікке ауыс­қан деген теріс көзқарас­тар еді. Археоло­гия­лық қазба жұмыстары шап­қын­шылық салдарынан қира­ған көптеген қалалардың ұза­май қайта қалпына келтіріліп, олардың мәдени-экономика­лық тұр­ғы­дан қайта дамы­ға­нын көр­сетті. Отан тарихына толық­тыру әкелген осындай іргелі өзгерістерді топтастыра келіп, ол туралы Қазақстан тарихы­ның академиялық туын­­­­ды­сын жазған да К.Бай­пақов бола­тын. Көп ұзамай археология­лық зерттеулердің нәтиже­лерін жалпыға жеткізген тағы бір қомақты моно­графиясы жарық көрді. Көк күмбезді мешіт пен монша құрылыстары, құмы­ра­шы­лардың кварталы да осы кездері қазылып, аршыл­ды. Қазба кезінде табылған күміс бұйымдар мен тең­гелердің көмбесі Отырардың сауда ор­талығы болғандығын айқын аңғартты. Табылған теңгелер­ге К.Байпақов пен В.Нас­тич­тің бірігіп жасаған сарап­та­масы қаланың Шы­ғыс Түркі­стан, Мәуреннахр, Хорезм, Еділ жағалауы, Қы­рым және Таяу Шығыспен сауда-саттық жасап, тығыз қарым-қаты­ныс­та болған­ды­ғын көрсетті. Ішкі және дала­лық саудада негізгі қолда­ныс­та болған Оты­рарда со­ғылған теңгелер Орта Азияда да еркін айна­лым­да жүргені дәлелденді. Оңтүстік Қазақстан мен Же­­тісу қалаларын зерттеу жұ­мыстары К. Байпақовтың док­торлық диссертациясына ар­қау болды. Ол 1986 жылы Мәс­­кеуде “Средневековая городская культура Южного Ка­захстана и Семиречья (VІ-XVІІІ вв.) деген тақырыпта докторлық диссер­та­циясын жемісті қорғап шықты. Ғалымның Қазақстан ар­хео­логиясына қосқан үлес­тері­нің қатарында ортағасыр­лық қалаларды баламалау мәселесі өз алдына бір әңгі­ме десем, К.Байпақов анық­таған тарихи қалалардың орын­дары өте дәл екендігін осы күнгі зерттеулер растап отыр. Осы бағытта жа­зылған маңызды мақалалары осы күнгі зерттеулерде кеңі­нен қолданыста жүр. 1980 жылдары ол әлемдік тарихта айрықша орын ала­тын Ұлы Жібек жолы тақы­ры­бымен де жемісті айна­лыс­ты. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның 24-сессиясында “Ұлы Жібек жолы” халықаралық жобасы кешенді түрде зерттелу қа­жет­тігі мақұлданса, осы халық­аралық сауда жо­лының Қазақ­стан арқылы өтетін бө­лігін зерттеу міндетін К.Бай­пақов өз мойнына ал­ған бо­латын. Он жылдан ас­там уа­қыт жүргізіл­ген зерт­теу жұ­мыстары Ұлы Жі­бек жолы­ның Қазақстанда қала мәде­ниеті мен сауда қаты­нас­та­рының дамуы үшін ғана емес, бүкіл әлемдік сау­да-эко­но­микалық және мәде­ни, саяси байланыстар үшін де аса зор маңызға ие бол­ған­­ды­ғын дә­лелдеп шықты. Әсіре­се, Қа­зақстан жерінде Түрік қа­ға­наты үстемдік құ­рып тұрған кез­де Ұлы Жібек жо­лы қаты­насының дамуы өзі­нің ша­рық­тау шегінде бол­­ғандығы күллі әлемге әйгілі болды. Жазба деректер мен бір­қатар қалаларда жүр­гі­зіл­ген қазба жұмыстары­ның мәліметтері осы кезде халық­аралық сауда жолының ба­сым бөлігі тү­ріктердің то­лық бақы­лауында болғанды­ғын көрсетті. Осы көрсет­кіш­тер ар­хеологиялық қаз­ба мате­риал­дары­мен то­­­­­­­лық­тырылды. К.Байпақовтың ұстаздық еңбегі өз алдына бір төбе. Иә, 1966 жылдан бері қанша­ма маман археологтар университет қабырғасында одан дәріс алды десеңізші. Ол “Қазақ­станның ортағасыр­лық қала­лары”, “Ұлы Жібек жолы” курстары бойынша дәріс оқи­ды. Оның жетекшілігімен ғы­лыми дәреже қор­ғаған кешегі шәкірттері бұл күнде Қазақ­стан архео­логия­сының белді маман­дары­на айналған. Осы күнге дейін К.М. Байпақов­тың жетекшілігімен 16 адам ғылым кан­ди­даты және 5 ға­лым ғылым докторы атақта­рын қорғап шықты. Елбасы Н.Ә. Назарбаев­тың ұйытқы болуымен 2004 жы­лы басталған “Мәдени мұра” мем­лекеттік бағдарла­ма­сын жү­зеге асыру бары­сында қан­шама жемісті жұ­мыстар атқа­рылғаны өзімізге белгілі. Мі­не, осы игі іске Археология инс­ти­туты да көп үлес қосты. Әсіресе, Қазақ­станның ежелгі және орта­ғасырлық қала­ларын зерттеу мәселесінде келелі істер ат­қарды. Көп­теген қалалар­дың орнында жүргізілген қаз­балар бары­сында ашылған мон­ша, мешіт, медресе, салта­натты сарай орны секілді маңызды ны­сандарды сақтау, қалпына келтіру жұмыстары жүргізі­ліп, ашық аспан ас­тын­дағы музейлерге айнал­дыру ісі қол­ға алынған болса, бас ар­хео­логтың жетекшілігімен жә­­­не тікелей қатысуымен Қая­­­­лық, Тальхир, Алматы, Құ­­­лан, Қасрибас, Усбаникет, Отырар, Кедер, Сауран, Янги­кент, Жайық қалалары­ның ор­нында жүргізіліп жат­қан қаз­ба жұмыстары Қазақ­стан та­ри­хына толықтырулар жасай­тын тың мәліметтер беруде. К.Байпақов осы күнге дейін 40-тан астам монография жа­зумен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне ар­­налған 4 оқулық, мектеп оқу­­­шылары үшін 8 оқулық жа­­­зып, 15 түрлі-түсті аль­бом­­дарды бас­падан шығар­ған автор. Оның 550-ден астам ғы­лыми мақалалары орыс, қазақ, ағыл­шын, француз, неміс т.б. көп­те­ген тілдерде жарық көрген. К.Байпақов білікті маман, ұлағатты ұстаз ғана емес, та­нымал қоғам қайраткері. Ұлы Жібек жолының Қазақ­стан Ұлт­тық комитетінің мү­шесі. “История цивилизации Цент­ральной Азии” атты 6 том­дықты дайындауда ЮНЕСКО халықаралық комитетінің мү­шесі. Сондай-ақ “Мәдени мұ­ра” мемлекеттік бағдарла­масы бойынша қоғамдық ке­ңестің мүшесі. Ұлы Жібек жолы бо­йынша ЮНЕСКО-ның халық­аралық сарап­шысы. Тарих және этнология институты жа­нындағы док­торлық диссертация қорғай­тын кеңес төраға­сы­ның орын­басары. Карл Молдахметұлының ғылым, білім, қоғамдық қыз­мет саласында атқарған ең­бегін ғылыми қауымы да жо­ғары бағалай білді. Бұл сөзі­міздің бір дәлелі, оған “Сред­не­­веко­вая городская культура Юж­ного Казах­стана” атты мо­­но­­графиясы үшін Ш.Уә­ли­­ханов атындағы сыйлық­тың (1988), “Қазақстан ғы­лы­мы мен тех­никасына ең­бегі сің­ген қай­рат­кер” атағы­ның (1998) берілуі деуге болады. Сондай-ақ, ол “Қазақ­стан ғы­лы­­мына сіңір­ген ең­бегі үшін” төс­бел­гімен (2002), “Пара­сат” орденімен (2003), ЮНЕСКО-ның әлем­дік ғылымға қосқан үлесі үшін медалімен (2005) мара­патталған. Ол Қазақстан Рес­публикасы “Ғылым қай­рат­­кері” номинациясы бо­йын­­ша “Жыл таңдауы” фестивалі мен “Алтын адам” кон­­кур­сы­ның жеңімпазы (2005), “Пла­тиналы Тарлан” сый­лы­ғы­ның иегері (2007). Соны­мен қатар, оның 2008 жылы Қазақстан Респуб­лика­сы жо­ға­ры оқу орын­дары­ның ассо­циациясы “үздік автор” ретінде А.Бай­тұрсынов атын­дағы күміс медальмен мара­патта­ғанын да айта кетсек дейміз. Әрине, бұл шағын мақа­лада ғалымның археология ғылымына қосқан зор үле­сіне кеңінен тоқталу еш мүм­кін емес. Әйтсе де, ай­тылған әр­бір жәйт Қазақ­стан ғы­лы­мын дамытуға аза­маттың ты­ным­сыз ізденіспен зор үлес қос­қа­нын айтып тұр деген ойдамыз. Дөкей ТАЛЕЕВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.