Әдетте мүшелтойға немесе мерейлі жасқа орайластыра жазылған мақалаларға газетімізде «Есімі елге елеулі», «Есімі елдің есінде» дегендей айдарлар қойылып жататын. Танымал қаламгер, аудармашы Кеңес Юсуптың қазақ әдебиетінде, ұлт журналистикасында өз орны, өз ізі бар Тоқтарбек Қызықбайдың рухына тағзым тұрғысында қағазға түскен мына мақаласына «Әдебиеттің әңгімесі» айдарын орынды көрдік. Неге десеңіз, автор мұнда қанаттас, қатарлас өскен қаламдас досының шығармашылығын талғам безбенімен дәл таразылай, өзіне сыйымды бағасын бере келіп (өмірден өткен екі қаламгердің бірінің классикке айнала жаздап жүргені жасырын емес), өлеңге адалдықтың, журналистикадағы жанкештіліктің өзі әп-әдемі жеміс бере алатынын әдемі аңғартады, поэзияның кешегі, бүгінгі сипатына байланысты байыпты байламдарын да ортаға салады. Мысалы, Олжас Сүлейменовтің атақты поэмасының («Земля, поклонись человеку») тақырыбына орай қаншама қазақ қаламгерінің «Бұлай айту – астамдық, адамзат өзін жаратқан анасы – Жерге «сен маған табын» деп сөйлемеуге тиіс» деген сыңайда сын айтқаны есте еді. Кеңес Юсуп поэма атындағы «поклонись» сөзі «табын» дегеннен гөрі «тағзым ет» дегенге жақындау екенін, орыс тілінде «табыну, бас ию, сыйыну» ұғымдары «преклонение» сөзімен берілетінін қолмен қойғандай көрсете алған. Ал «поклонение» сөзінің «бас ию, табыну, сыйыну, ғибадат қылу, тәуап ету» дегендей мағыналар беретінін кез келген сөздіктен көре аламыз.
Орыстың ғажайып сұлу сазбен жазатын жазушысы Константин Паустовскийдің Қазақстанға арналған үш-төрт әңгімесі бар. Жазушы өзінің «Путешествие на старом верблюде» дейтін әңгімесін: «Қазақстанда, көшпенділер толқынының таза сыңғырлаған үні үшін «Қоңыраулы көл» атап кеткен Зайсан көлінің жағасында», деп бастайды...
Сол «Қоңыраулы көлдің» жағасында...бір замандасымыз өскен, сол көлді аңсаумен дүние кешкен. Тегі осы көлдің толқынының «күмбірінде», сірә, бір сиқыр, бір құдірет бар секілді. Олай дейтінім осы айдынның маңында дүниеге келгендердің арасынан ақындар көп шыққан.
Бұл «ортаймай көңіл толсын деп, соныға тарттым, соныға» деп жырлайтын Тоқтарбектің өскен ортасы. Әсілінде ол өзінің өмірбаянын өлеңдерімен өзі жазып қалдырған. Мінеки:
Біз қырқыншы жылдарданбыз –
Тар кезде туғандармыз.
Кештетіп бүр жарғанбыз,
Көп тойдан құр қалғанбыз,
Шыңырауда шыңдалғанбыз,
Жығылып тұрғандармыз,
Мұңды ән-жырларданбыз,
Ертеңгі думандармыз –
Біз қырқыншы жылдарданбыз!
Тұтас бір ұрпақтың ғұмырының баяны ғой. Осы жолдардан оның қырқыншы жылы дүниеге келгенін ұғасыз. «Әке көрмей мен өстім» деген өлеңінде: «Бесігімде сонда іңгәлап жатыппын,/ Ал сен суыт аттаныпсың майданға», дей келіп, «жан әке, тым болмаса, сақталмапты-ау суретің» деп қамығады. Қазіргі кезде жетпіске келген немесе сол төңіректі шиырлап жүрген талайдың пешенесіне жазылған тағдырдың «таңбасы»! Бұл жолдардан тауқыметті заманда тарығып, әке мейіріне зарығып өскен жанның өмірлік сырын бағамдайсыз. Екінші дерек – ол әкесіз өскен көп мұңлықтың бірі.
Енді осы өмірбаянды жеке адамның нақты тіршілік кешуіне айналдыру, ғайыби күйінен кәдімгідей көзге көрінердей етіп жандандыру үшін бірді-екілі дерек қосуымыз керек. Төрт жыл аудандық газетте қызмет істеп, баспасөз (сол кезеңде аудандық газет журналистиканың бастапқы байыпты мектебі саналатын) әліппесін әжептәуір меңгерген жиырма екі жасар жігіт облыстық «Коммунизм туы» газетіне қызметке шақырылады. Оны мұнда алып келген поэзияны терең түсінетін адамның көзіне түскен өлең-очеркі. Газеттің сол тұстағы редакторы Бейсенғали Тәйкіманов ақсақал білгір ұйымдастырушы, білікті басшы, өзі де тиіп-қашып өлең жазатын адам ақын жігітті ерекше қамқорлығына алады.
Биязы да бұйығы адамдардың көпшілігіне тән мінез бе деймін, ол мақтау-марапатқа барынша салқын қарайтын, жазыла қалған, жарық көрген әлдебір шығармаларына қошемет айтыла қалса, үсті томпақтана біткен аласы мол бадырақ көздерін бір төңкеріп, етті еріндерін жалап жіберіп, «қойсайшы-ей» деп дүңк ете қалатын. Кейде ақын ретінде атағының шыға қоймағаны да осы мінезінің салдары ма екен деген де ой келеді. «Кішік жанды ұялтқың келсе, мақтауға тырыс», дейтін нақыл осыдан болуы мүмкін.
Бұл арада бір жәйттің басы ашық, ол өзінің «өмір-сапарында» табиғат сыйға тартқан дарынын да, тағдыр талайы маңдайына жазған қажыры мен қайратын да аяп қалған жоқ. Ол ақындығы мен журналшылық қызметін бөле-жара қараған жоқ, бірін жоғары, бірін төмен қойған жоқ, ол мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейінде аянбай тер төкті. Айталық, ол ойына оралған әдемі қисынды өлеңімнің шумағына жаратармын деп іріккен жоқ, қара мақаланың қарапайым жолына қиналмай-ақ қия салатын. Осындайда, апырмай-ә, осынысы бекершілік болмады ма екен деген де ойға келесің...
Тоқаңның «Мен заманның қара өгізімін немесе қара жұмыс туралы толғау» аталатын өлеңдер топтамасы бар. Таза публицистикалық сарында жазылған сыпайы да сүйкімді топтама. Мұнда оның адам баласының қажыры мен қайратына деге? ????????? ???? ?????????? ????????????????????:
??? ????? ????? ???-????? ?????,
???????? ??? ??????? ?????.
??? ???????? ???? ????????,
?????? ??????? ???? ????????.
??? ????????? ??????????????? ?? ??????????? ????. ????? ????? ????????, ???? ???? ??????? ???????, ???? ????????? ????? ???????? ????? ????? ?? ??????????. ????? ?????, ???????? ?????? ??????, ??????? ???? ???????? ?????????? ????? ????????, ???????? ????????? ???? ??????, ???????? ?????????? ???? (????????? ???????) ??????????? ?? ?? ??????, ???????????? ?????????????? (??????? ???????? ??????????) ??????????? ??? ??????, ?????????? ?????????? (??????? ?????????) ???????????? ?? ????? ????????? ???????? ? ???? ???????? ??????????? ???????? ??????. ???????? ????? ??????? ?? ?????? ????...
???????? ??????? ???????????? ??? ????????? ?????? ??????????? ??????????????? ??????? ??????, ???? ??-???????? ???????????, ?????????? ???? ????????? ??????????, ???? ????????? ?????? ???????? ????????????, ???-?????????? ????????????, ??????? ????? ????? ??? ????? ?????????? ?? ?? ??????? ?????????. ?????????, ????? ?????? ??????, ????? ???????????? ????????? ????????? ????????? ????? ??? ????????? ????? ??????? ????.
?????? ?????, ??????? ???? ?????? ?????????? ???????? ??????? ??????????? ??????? ????????? ???????? ???????? ????? ??? ?????????? ??????? ??????? ??????? ??????? ????????? ???? ??????????? ???????. ? ??????? ??? ????? ???????????, ?????????? ??? ?????? ????? ???????, ?????? ???????? ??????? ???. ????? ???-?? ????????? ????????? ?????? ??????? ??????, ?????????? ?????? ???????????, ???????? ????????? ???? ?????? ????? ???-?? ???????.
???? ?????????? ??? ??? ??? ????? ??? ?????? ?????.
н көзқарасы өлең жолдарымен өрнектелген:
Кей кезде мұңым көл-көсір неден,
Уақыттың өзі емдесін дегем.
Мен заманның қара өгізімін,
Тірлік арбасын өрге сүйреген.
Бұл Тоқтарбек Абдрахманұлының өз тірлігінің сыры. Уақыт солай ұйғарған, Оның қара жұмысқа жегіліп, аман қалудың қамын жасаудан басқа амалы да болмаған. Буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып, ауылдың қара жұмысына жегілгенін былай қойғанда, аудандық газеттегі төрт жылғы, облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіндегі он үш жылғы, «Социалистік Қазақстандағы» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіндегі бес жылғы, «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналындағы он жылғы қарбалас қызметі – әлгі шумақтың әділдігінің айшықты дәлелі. Қарбалас жұмыс деуіміз де тегін емес...
Жоғарыда аталған басылымдарда осы жылдардың ішінде жарияланған Тоқтарбектің қолынан шыққан, оның ой-елегінен өткізілген, зердесімен және сезімімен сүзілген, қара қаламының ұшымен өңделген мақалаларды, хат-хабарларды топтастырса, қаншама томды құрар еді деген желпіністі ой да көкейде тұншығады. Көлемдісі, мейлі кішісі болсын, соның әрқайсысында журналшы азаматтың қаламының қызуы мен жүрегінің жылуы жатқаны анық.
«Тоқаң барда, «запас» бар» дейтін Тоқтарбек облыстық газетте редактордың бірінші орыбасары қызметін атқарған кезде сол басылымның жауапты хатшысы болған байырғы журналист Ақан Мұхамадиев ағамыз. – Алдында бір қорап «Беломоры», күлсалғышы мен қаламы жатса болғаны, Тоқаң сағаттап отыруға бар. Содан екі-үш нөмірлік қорыңызды бірден әзірлеп тастап, шалбарының тізесі қалталанып, өңіріне шылымының күлі жұққан кезде бір-ақ тұрады».
Оның портретіне бұл аса бір әдемі әрі шыншыл штрих.
Тегінде, Т.Қызықбай бір ісі бітпей тұрып келесісі қылаң беретін тынымсыз мамандық иесі, шаруасы саябырсыса, кейінгі бірін өзі іздеп тауып алатын, үнемі елегізіп тұратын, қайда жүрсе де газет бояуының иісін аңсап жүретін нағыз газетші болатын. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі жауапты қызметінен зейнет демалысына шыққан ол нарық «заманы» берген еркіндікті пайдаланып, аудандық газеттің форматындағы «Қас қағым сәт» аталатын газет шығаруды қолға алады. Осы басылымның бірнеше нөмірін таратып та үлгереді. Сол газеттің жарық көрген екі-үш нөмірін шолып шыққан едім.
Сонда көкейге түйгенім: Тоқтарбек аудандық газетте жүрген кезінде қаптаған қаулы-қарарлардың, күн сайынғы шаруашылық мәселелерінің қалқасында іске асырылмай қалған ой ниетін, айтылмай қалған сөздерін жаңғыртпақ ниетте болған секілді, нағыз «адами кейіптегі» газет шығаруға тырысқан тәрізді. Туған өлкесінің өткені мен кеткені, ең бастысы «Коңыраулы көлінің» абзал арлы азаматтары туралы, оларды кейінгі ұрпаққа үлгі тұту мақсатында келелі ой толғайды. Сол кезде Тоқаң екінші «Достықты» (Зайсан аудандық газетінің қазіргі атауы) шығара бастапты-ау» деген әзіл де тараған.
Менің бір ойым айтады: Тоқаңның патша көңілі арғы-бергіні екшей келе, ертеңгі күні күллі ел өміріндегі ең елеулі тақырыптарды қамтитын қалың жұрттың қажетіне жарайтын газет шығаруды мұрат тұтады. Несі бар, қаржысы болғанда, шығаруға да қауқары мен қабілеті де қаптал жететін еді.
Маған әрдайым Тоқаң өлеңмен ойланатын сияқты көрінетін. Ол көкейінде тұнған ойларды қара сөзден гөрі өлең жолдарымен өрнектеуге бейім де бейілді сияқты. Сондықтан да Тоқтарбектің журналшылдық қызметі мен ақындық туындыгерлігін бөле-жара қарауға келмейтіні сезіліп тұрады, бұлар бірін-бірі жоққа шығармайды, керісінше бір тұтастық құрап тұрады. Ол тіршілігінің түпқазығы болған баспасөзге ақындық леп енгізсе, өлеңдеріне публицистикалық екпін кіргізеді де, екеуінің бірдей ықпал-әсерін күшейте түседі.
Осы орайда еріксізден уақыт туралы ойланасың. Ол «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» әдебиет әлемінде өмір сүрді. Сонымен қатар ол нарыққа өтудің өтпелі кезеңін де өз көзімен көрді. Осындайда майкоптық ақын Кирилл Анкудиновтың «Литературная газетада» жарияланған қазіргі орыс поэзиясы туралы «он хатының» біріндегі мынадай пікір ойға оралады: «Кеңестік поэзия өзіндік ерекше тамаша, алайда мүлде тұйық әрі тұмшалы құбылыс болатын. Кеңес ақындары қалайымен қапталған бітеу құтының ішінде өмір сүрген тәрізді».
Бұл орайда көкірегінің терең түкпірінде тәуелсіздікті аңсаған сезім жатқанымен, Тоқаң мен оның тұстастарында сол уақыттың, сол қоғамдық құрылыстың құндылықтарына деген сенімнің де болғанын айтуымыз керек.
Оның қаламынан туған, жарық көрген он бес жыр жинағының (менің есептеуімше) кемінде оны кеңестік кезеңнің еншісіне тиеді. Бұл шартты түрдегі, хронологиялық тұрғыдағы бөлу ғана, әйтпесе ақын көзқарасындағы түбірлі өзгерістер көзге шалынбайды, ол өткенін «әшкерелемейді», мазмұнында, өлең пішінінде шалт, оқыс кететін, бұрынғы айтқандарына қарсы немесе қайшы келетін тұстар, бұрылыс-қалтарыстар жоқ, бұл бір тік басқыштың бойындағы сатылар секілді, тежеледі, жоғары көтеріледі, ойы байсал тартады, бірде қоюлайды, бірде жұқарады. Тегінде бұрынырақта патетикасы мен пафосы басымырақ сияқты еді... Оныкі бұл да менің заманым дейтін кең пішілген қазақы мінез.
Алайда уақыт өте келе, оза келе өзінің ұйғарымын жасайтын секілді. «Өмір-сапар» (Тоқтарбектің бертінгі жинағы) ақынның сезіміне, түйсінуі мен пайымдауына түс ауып бара жатқан тұстан сәулесін түсіріп тұр. Күн жарығындағы бұл ұзақ кезең, талай іс тындыруға болатын кез. Күн әлі ұясына қонудан алыс. Бірақ «кекселену», ұсақ-түйекке алаңдамай, кесекті ғана назарға алу, жоғарыдан алысқа көз салу, әр нені байыппен жан-жағынан шолу, түкпірдегі мен тереңдегі негізіне үңілу сезіледі. Ол сөзінен, ұйқасынан, ырғағынан жаңылмайды, басқаша тармақтау ұшырасады, бірақ буындарының өлшемінен алыстамайды. Ол жаңашылдық жасаймын деп те шарқ ұрмайды. Ол Төлеужан-аға Исмаилов құсап, «сындырам қабырғаңды он бір буын» деп те жұлқынбайды.Тегінде поэзияда да, басқа қай саладағы сияқты, сонылық табуға құлшыну, түрлендіруге тырысу қай кезде де болған және бола да беретін тәрізді. Бүгінгі күні де ойды күрделілендіру, күлтелеу, ырғақты сындыру, ойымды тап дейтін ауыр қисындар түзу, жаңсақ иірімдер жасау, жұмбақтау жиі кезігіп тұрады. Сірә, еліктеуден өтердегі есею кезеңінің сырқаты болса керек.
Бірақ бәрібір бәрі де айналып келіп қазығын тауып жатады. Сөз шіркіннің бұлталаққа көнбейтін сыңайы бар. Көбінесе мұндай ауытқулар, атымды шығарсам, өзгелерге ұқсамай дара көрінсем дейтін әлдебір әуейі пиғылдан өрбитін сияқты ма қалай? Алайда ой өзгешелігі мен өрістілігі оны жеткізудің әдісі мен амалынан алшақ секілді.
Т.Қызықбайдың әуел бастан мұндай «жаңашылдық» дертке шалдықпағаны оның жыр жолдарынан айқын көрініс беріп тұрады. Ал мұның өзі оның кәнігі газетшілігінен бе екен, сонда жүріп ерте есеюінен, сөз парқына ертерек жетуінен бе екен деген ой келеді. Ол бейнелейтін дүниесі мен сәтіне басқа қырынан көз тігеді, бірақ дәстүрлі амалдармен суреттейді. Ол «өлең техникасын» (егер бұлай деудің әбестігі жоқ болса) шебер меңгерген, оның ұйқастары өріліп, құйылып, қаб????? ?????? (????????, ????????, ?????????? ??????? ??????????? ??????????? ?????????), ???? ???? ??????? ??????????, ??????????????, ???? ????????????? ??????? ??????, ???????? ??????.
???????? ?????????, ??????? ???? ????????? ???????????? ???????? ?? ????? ?????????? ??????????? ????????? ????????, ????????????? ????????, ??????????? ???????????????? ????????? (?????????? ????), ?????? ?????? ????????. ????? ???? ?????????? ???????? ??? ????, ????????????????? ????? ????? ?????? ?????????? ?? ??????????? ???. ????? ??? ??????? ?????? ????????. ????? ??? ????????? ???????, ???? ??? ????????? ???????? ???????. ??????? ?????????? ??????????????? ?????? ?? ???? ??????? ????? ??????? ?????????? ????. ??? ?????? ????? ????????? ??, ???????? ???????????? ?? ????????????????? ???????? ?????????? ?????? ???????????? ???? ????? ???????? ???????? ?????????? ?? ??????.
???????, ?????????? ??????????, ?????? ??????????? ?????? ?? ??????? ????????????? ????? ???. ??? ????? ?????? ????? ?????, ??????? ????? ???????? ?????, ???, ????!? ??? ?????? ??????? ??????? ??! ?????????? ?????????? ??????? ????????? ?? ????? ????. ??????????????? ????? ? ?????? ???????????? ???? ??????????? ??????????????? ???????, ???????-?? ???????? ???? ?????????, ???, ?????? ?????? ?????? ????????, ??? ???, ????????????. ???????? ??????????????? ??? ????????? ??? ????????? ???? ??, ?????? ?? ???? ????????? ?????? ???????? ???????? ?????? ????!?
????????? ???? ??? ?????????? ?????????? ?????? ????? ?????, ?????, ???? ????? ??????? ??????? ????????. ??? ????? ?? ?????????? ?????? ????? ????? ??????? ???. ????? ?????? ????? ????? ???????? ??????, ????? ??????????????? ???? ?????. ??????? ?? ????? ???????, ?????????? ????? ?????, ??????? ???????? ??????????? ?????, ысып тұрады («барады», «қарады», «жарады» секілді графомандық жамауларға баспайды), оның өлең жолдары ырғағымен, әуезділігімен, ішкі үндестігімен жанасым тауып, жымдасып жатады.
Сөздерді құбылтуға, өлеңнің сырт пішінін түрлендіруге баспаған ол қазақ өлеңінің классикалық үлгісінен жазбайды, жасандылыққа бармайды, өлеңдерінің жылтырақсыз қарапайым (қарадүрсін емес), табиғи қалпын сақтайды. Кейде оның жырларында поэзияға тән емес, публицистикалық сарын басым дейтін пікірлерді де естігеніміз бар. Мұның өзі тегінде шартты көзқарас. Мұның өзі көбінесе таңдау, тану мен талғамның мәселесі секілді. Тегінде поэзиядағы публицистиканы ешкім де күні бүгінге дейін теріске шығарған емес. Сол сияқты нәзік лириканың да, байсалды философияның да публицистикалық ырғақпен сөйлеуінде қандай сөлекеттік бар? Бұған көптеген мысалдар келтіруге де болады.
Мәселен, Маяковский жырларында, Олжас лирикасының өзінің әр жолында публицистика тұнып тұр. Оны күллі әлемге таныс еткен, қазақша атауы «Адамға табын, Жер, енді!» деп алынып жүрген поэмасы ше! Олжекеңнің поэмасына сілтеме жасауымыз да тегін емес. Тоқтарбектің «Өмір – сапар» жинағындағы «Жер сөйлейді» публицистикалық поэмасы, сондай-ақ осындағы «Кел ғасырым», «Ей, нұрлы дүние» толғау жырлары, сөз жоқ, публицистика. Әсілінде публицистиканың өзі тебіреніс пен толғаныс емес пе, ендеше ол неге жүректен шыққан жырларға кереғар келуге тиіс!?
Тоқтарбек ақын бұл жырларында адамзатты өзінің анасы Жерді, Күнді, мына Жарық дүниені аялауға шақырады. Бұл жерде ол Олжекеңмен тіптен қайшы келіп отырған жоқ. Жерді адамға табын деуге келетін болсақ, бұдан астамшылықтың лебі еседі. Олжекең де табын демейді, тартылыс күшін жеңіп, ғарышқа самғаған перзентіңе сүйін, тағзым ет дейді. (Мен әлі күнге дейін тәржімеден кеткен осы түйткілді сезінемін де тұрамын. Табыну мен тағзым етудің, яғни «поклон» мен «преклонениенің» арасында үлкен айырма жатыр. Әлде сол арқылы біз қазір жиі айтылып жүрген «непереводимость» әсіресе поэзияның тәржімеленбейтіні туралы тезисті қуаттап отырмыз ба? Қалай десек те екпін үшін, ырғақ үшін мазмұнға қиянат келтіруге болмайтын сияқты).
Әлбетте философиялық тереңдікке келгенде, оның жырларында бұл жағынан да жұтаңдық сезілмейді. Әлгі аталған поэмасының «Күнге тағзым» тарауындағы мына бір жолдар осы айтқанымыздың әдемі дәлеліндей: «Сондықтан да, табынар тәңірімсің,/ Жүрегіме қан құйған тамырымсың,/ Омыртқамсың,/ Өкпемсің,/ Қабырғамсың,/ Жұлынымсың,/ Жүйкемсің,/ Бауырымсың!». Қарапайым сөздермен, публицистикалық сарында айтылған терең мағыналы сөздер.
Қалай дегенде де, Тоқтарбек Абдрахманұлы Қызықбай газет жұмысы бойдағы дарынға, туындыгерлік негізге қарсы келмейтінін, қайта толықтыра, ұштай түсуге жәрдемдесетінін өзінің жырларымен көз жеткізе дәлелдейді. Ғажайып ақын еді деп көлгірсімейін, жазғандарының бәрі де жауһар еді деп те айта алмаймын, алайда көкірек тереңіндегі сезім мен ойды қозғай алатын жырлар жазғаны шындық. Тоқтарбек жоғары талғам таразысына тартуға әбден тұрарлық, қазақ поэзиясына үлес болып қосылатын тұшымды да татымды жырлар жазды.
Тоқтарбектің «Қоңыраулы көлдің» тұлғалы бір перзенті орыстың тамаша ақыны Павел Васильевтің өлеңдерін қазақшаға аударсам деген ниеті де бар еді. Алайда ол өзінің осы бір жақсы ойын іске асыра алмай кеткен сияқты.
Тағдырдың ұйғарымы басқадай болып, ол осыдан тура бес жыл бұрын бақилық сапарға аттанған еді. Көзі тірі болғанда, ол дәл осы айда бір пенде баласы тындырғандай ісімен өзінің жетпіске толған мерейтойын тойлауға тиіс еді. Бұл өмірде жалғыз өскен ол соңында дүниәуи және рухани мағынасында жақсы із қалдырды. Рухани мұрасы туралы жоғарыда айттық. Қазір оның тағдыр қосқан қосағы Роза Жақсылыққызы ұл-қыздарының ұйтқысы болып, немерелерін бағып-қағып, ақын ошағының отын маздатып отыр.
Көп өлеңшінің бірі емес, шынайы ақын Тоқтарбектің мына бір өлең жолдары санамда жиі жаңғыратын болып жүр:
Гүл емеспін сағағынан үзілген,
Үлгіргем жоқ жеміс теріп күзімнен.
Өтінемін, есімімді өшіріп,
Мені сызып тастамаңдар тізімнен.
Құлақ аспай қалдыруға болмайтын базына, керек десеңіз, ескерту сияқты. Әлде- бір ойды меңзеп тұрған тәрізді... Мүмкін, осы орайда қазақ поэзиясына үлкенді-кішілі үлес қосқан, Әнуарбек Дүйсенбиев ағамыздан бастап (әсіресе Әнекеңнің балаларға арналған өлеңдері қандай!), жоғарыда аузымызға алған Төлеужан ағамыз бар, кешегі Меңдекеш Сатыбалдиев, Кеңшілік Мырзабеков, Жұматай Жақыпбаев, Дәуітәлі Стамбеков, күні кеше ғана дүниеден озған Дүйсенбек Қанатбаев (мен есіме түскендерін ғана атап отырмын) және басқаларының, осы Тоқаңның өзінің бір томдық таңдамалы жырларын шығарсақ, кәдімгідей қомақты көлеммен шығарсақ, әрі бұл іске мемлекеттік тұрғыда қамқорлық жасалса, деген ой келеді. Ол үшін құзырлы комиссия құрып, аталған немесе аталмай қалған ақындардың жырларын іріктесе, жарыққа шығуына бас-көз болса, мұның өзі марқұм ақындарымыздың мұрасын санадан тыс қалдырмай сақтауға, айналысқа енгізуге, сондай-ақ әдебиетіміздің, одан әріде мәдениетіміздің мәні мен маңызын одан әрі кеңейте түсуге қосылған зор үлес болары сөзсіз.
Кеңес ЮСУП, жазушы.