• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2010

Жолың болсын, жолаушы

1583 рет
көрсетілді

Жол және жаңару «Жолаушылар тасымалы» ак­ционерлік қоғамының «Ба­тыс» аймағы филиалы ұйым­шылдығы қалыптасқан іргелі кәсіпорын. Оған еліміздің батыс өңіріндегі төрт бөлімше кіреді. Бөлім­ше­лер­ге Атырау, Маң­ғышы­лақ, Орал және Ақтөбе стан­саларынан жө­нел­тілетін жо­лаушылар пойыз­да­ры қа­рай­ды. Осы бағыттардағы жолаушылар тасымалын қамта­масыз етуге бүгінгі таңда 382 вагон жұ­мылдырылған. Алматыға қаты­найтын жолаушылар пойызы 2007 жылы екі құрамға көбейсе, былтыр оған тағы бір құрам қо­сылыпты. Ал үстіміздегі жылғы наурыз айынан бастап бұл бағыт тағы бір құраммен толық­ты­рылған көрінеді. Бұл вагон­дар­дың барлығы да Қытайдан сатып алынған, сайлы да жайлы вагондар. – Кезінде бұл вагондар ту­ралы пікірлер айтылғаны рас. Алайда, тексеру нәтижелері бұл вагондардың денсаулыққа зиян­сыз­дығын көрсетті. Қазір оларды  қолдану аясы кеңейе түсті. Бұл вагондардың тиімділігі де жоғары. Осындай вагон­дардың плацкартында 60 орын болса, бұ­рын­ғысында 56-ақ орын болатын. Бұрынғы құрам­ға 15 вагон тіркелсе, қазір 19 вагон бар. Оның бір вагонында дизельді станса, екіншісінде тапсырыс­ты жүктер, ал біреуінде асхана ор­наласқан. Со­ның өзінде жолау­шыларға 16 вагон қызмет көр­сетеді, – дейді  «Жо­лаушылар тасымалы» АҚ «Ба­тыс» аймағы филиалының дирек­торы Амантай Досқалиев. Ұжымда осы вагондарда жо­лау­шыларға қызмет көрсететін 1340 жолсерік еңбек етеді екен. Олардың  бәрі де өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар. Жолсеріктерге қойылатын талап та жо­ғары. Олар арнайы даяр­лық­тан өтіп, жаңа технологиялармен жұ­мыс істеу және ұйым­дастыру техникаларын меңгеру қабілет­тері бақылауға алынып барып, конкурстық негізде жұ­мысқа қабылданатын көрінеді. Осындай қатаң талап қоюдың нәтижесінде мұнда соңғы жыл­дары еңбек және өндіріс тәр­тібін бұзу деректері анағұрлым азайған, жұмыс көрсеткіштері арта түскен. Сон­дай-ақ, кадрлар тұрақтылығына қол жеткізілуде. Бұған жолсеріктерге туғызылып отырған жағдай да, еңбекақыларының жоғары бо­луы да ықпал етуде. Ұжымда әр­кім­нің өз жұмыс орнын құр­мет­теуі берік қалыптасқан. Жо­лаушы тасымалы шаруа­шы­лығының басты жұмыс көр­сеткіші жолаушы айналымы екені сөзсіз. Бұл бағытта «Батыс» ай­мағы филиалында оң өзгерістер, тиянақты ізденістер баршылық. Филиал бойынша үс­тіміздегі жыл­ғы алғашқы жар­тыжылдыққа берілген жо­лау­шылар айналымы жоспары 107,7% орындалыпты. Осы кезеңде 101,1 млн. жолаушы-шақырым артық орындалған. Бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көр­сеткіштен 9,2% көп. Жолау­шылар тасымалдаудан түсетін табыс 107,8%-ға жүзеге асы­ры­лып, өт­кен жылғы осы кезеңмен салыс­тырғанда 277988 мың теңге артық табыс тапқан. Жұмыстың нәтижелігі көп жағдайда басшының іскерлігі мен біліктілігіне тәуелді. Жас та болса Амантай Досқалиев темір жол саласындағы барлық еңбек бас­палдақтарынан өтіп, ысыл­ған азамат. Теміржолшы маман­дығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін вагон жөндеуші, вагон құрастыру це­хы­ның шебері, техни­калық қыз­мет көрсету қосыны­ның басты­ғы, вагон депосының бас инженері, «Жолаушы сервис» фи­лиалы бастығының орынбаса­ры, жолаушы шаруашылығы бой­­ынша филиал директоры­ның орынбасары, «Жолаушы  ва­го­нын жөндеу-2» ЖШС ди­ректоры қызметтерін абыройлы атқарып, саланың білгір ма­маны бола білген ол жаңа қызметі – «Батыс» аймағы филиалы директорлығын да шырқ үйіріп алып кетті. Кәсі­би мерекесі қарсаңында «Құр­метті теміржолшы» белгісін алуы да осындай өнімді еңбектің өтеуі деу орынды. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалы саласы­ның жұмысын әлі де жақсарта түсудің мүмкіндігі мол. Биыл Атырау қаласында жолсеріктер резервінің жаңа құрылысын салу қайта қолға алыныпты. Мұн­да әкімшілік-тұрмыстық корпус, шеберханалар, бу қазан­ды­ғы, үш ав­токөлік сыятын гараж, вагон­дарды жуу цехы, компрессор цехы, өрт сөндіретін насос стан­сасы, қатты қалдықтар қой­масы салынатын болады. Жобада жол­серіктердің жұмыстарын жақсар­ту, жолаушылар вагонда­рын жөн­деу және қызмет көрсетуді сани­тарлық, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай  жүргізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Анабір жылдары бір шаңы­рақтың астында болған жолау­шы шаруашылығы да бірнешеге бө­лініп кетті. Енді солардың басын біріктіріп, жұмысын үйлестіріп отыру үшін «Жо­лаушы тасы­малы» АҚ-тың Батыс аймағы бойынша өкілдігі құрылыпты. Филиал директор­лығымен қоса, «Жолаушы та­сы­малы» АҚ пре­зидентінің Батыс аймағындағы  өкілі болып та­былатын Амантай Нағым­ұлын ойлантатын мәсе­ле­лер де жоқ емес. Ол АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдеріндегі сияқты жүрдек пойыздарды, ондағы сервистік қызметтерді неге пайдаланбасқа деп те ой­лайды бірауық. Алайда, ол біраз уақыт  пен мол қаржыны қажет етеді. Оны темір жолдары­мыз­дың қазір­гі жағдайы да көтер­мейді екен. Олар жүрдек пойыз­дардың жыл­дамдығына төтеп беретіндей са­па­лы болуы тиіс. Бұл бағытта жолдарды күр­делі жөдеуден өт­кізу, ағаш шпал­дарды темір-бетон шпалдарға алмастыру жұмыс­тары жүргі­зіліп жатқанын бола­шаққа басталған сәтті қадам ретінде бағалайтыны да сондықтан. – Жолаушы вагондары паркі­нің тең жартысының пайдалану мерзімі отыз жылдан асты. Алайда, вагондар ескі деп қол қусы­рып отырғанымыз жоқ. Бары­мызды базарлап, жолсерік­тері­міз­дің тарапынан көрсеті­летін қыз­мет сапасын арт­ты­руға баса аса көңіл бөліп келеміз. Ескі вагон­ның өзін таза ұстап, жолаушы­ларға жылы жүзді қызмет көрсету басты міндетіміз болмақ. Сондай-ақ, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ай сайын әр пойыздың бригадаларымен қа­лып­тан тыс жағдайда қалай әре­кет ету жөнінде, пойыздың тех­никалық ақауын жоюға бай­ла­нысты түрлі шаралар өткі­земіз. Осындай жұмыстардың нәтиже­сінде жыл басынан бері пойыз­дық және маневрлік жұ­мыстарда ешқандай ақауға жол берілген жоқ, – дейді Амантай Нағымұлы. Жолаушыларға қызмет көр­се­­ту қиын да күрделі жұмыс екені белгілі. Бұған  өзіне де өзгелерге талапшыл басшының да ықпалы зор. Ол ұжымның ұйтқысы, білікті басшы ғана емес, қарамағындағылардың қам­­қор­шысы да. Бұған былтыр қазан айында сол кездегі бас­шылықтың заңсыз қысқартып жіберген осы филиалдың ағыту паркінің бір топ жолсеріктерін қызметтеріне қайтара алуы нақ­ты мысал бо­лады.   Екі мыңға жу­ық адам еңбек ететін «Жо­лау­шылар тасы­малы» АҚ-тың «Батыс» аймағы филиалының ұжымы жылды табысты аяқ­таудың бар­лық алғы­шарттарын жасауда. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.