• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Береке басы – бірлікте

675 рет
көрсетілді

«Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасыры топтасқан халықтың ғана дамудың таңғажайып шың­дарына жете алатынын дәлелдеп берді». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталатын мақаласында осылай деді. Жалпы, қай сөзінде болсын Президентіміздің баса назар аударатын саясатының бірі – ел бірлігі. Оның мөлдір бастауы халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген асыл сөзінде жатыр. Елдің ауызбірлігі туралы жеті ғасыр бұрын жыраулар да күңі­ренген, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», деп кешегі Абай да өкініп өткен. Абай өлеңдерін жатқа оқитын Елбасы жақында өткен бір кездесуінде «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ақын сөзін тағы да мысалға алды. Мысалға алып қана қойған жоқ, осы сөзді ертеңіне сенімді еліміздің әр ауыл, әр қаласының көшелеріне жазып қоюды тапсырды. Өзім басшылық етіп отырған Жамбыл облыстық газетінің «Ақ жол» деген «бөркінің» үстіңгі жағындағы «Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды» деген сөзді де біз Елбасы саясатынан туындатып қойғанбыз. Енді оны газеттің әр санында жарияланатын қазақстандық достық туралы мақалалардың айдарына айналдырып, орнына Елбасы мысалға келтірген ғибратты шығарып отырмыз. «Бөлінгенді бөрі жейді». Жүзін жарнамалап, ру аттарын аттандап жүрген «шолақ белсенділерге» Абай ақылы, Елбасы саясаты сабақ болса екен дейміз. Жамбыл жері ежелден ұлттық бірлікті санада сақ­таған, татулықтың ордасы болған өңір. Сан этностың ұл-қызына құт мекен болған қазақ даласында бейбітшілік пен тұрақтылықтың салтанат құруы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқасында жүзеге асуда. Ортақ Отанымыздың басты құндылықтарын, асыл мұрат­тарын құрметтеп, қастерлеу – әрбір қазақстандықтың парызы. Ұлт болып бірігіп, Елбасының алдымызға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру – әрбір азаматтың борышы. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, жазушы. Жамбыл облысы.