• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Біздің бағытымыз айқын

309 рет
көрсетілді

«Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуы­на және Қазақстанның өркен­деуіне сенімді түрде қол жет­кізетін боламыз!». Елбасымыздың республика тұрғындарына жариялаған Ұлт Жоспары бәрімізді асқақ арманға жетелейтін осындай рухты сөздермен басталады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 инс­титуттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ауқымды стратегиялық бағдар­ламаны орындаудың нақты қадамы­на көшуіміз алдымызға нақты мін­деттер қоюмен бірге, жа­һан­дық қиын­дықтарды еңсерудің мол тәжірибесін қалыптасты­рары, жеріміздің асты-үстіндегі қисапсыз байлықты ұқыпты­лықпен пайдалануға үйретері, жаңа технологияларды еркін мең­геріп, аса дамыған 30 елдің қата­рына жетуге жетелері анық. Президентіміздің еліміз­ді те­реңдете жаңғырту жөніндегі ой-идеяларына әркез жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан сол­түстікқазақстандықтар Ұлт Жос­парын дағдарысқа қарсы басты құжат ретінде қабылдап, өсім, ре­формалар, даму ұғымдарымен бір­тұтас жүйеде қарастырары анық. Өйткені, барлық саланы қамтитын терең реформалық өзгерістер ауқымы аса кең. Оның түпкі мақ­саты ел экономикасының серпін­ді дамуын, халқымыздың дәулет­ті өмір сүруін, мемлекет пен азамат­тық қоғамға демократия үрдістерін белсендірек енгізуге зор ықпал жасауды діттейді. Бүгінгідей ерекше кезеңде өсіп-өркендеудің әлемдік өркениетіне қол жеткізудің маңызды екенін Мемлекет басшысы тағы бір айғақтап берді. Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет құрудың бесінші реформасы шеңберінде де бірқатар түйінді мәселелер шешілетін болады. Әсіресе, қажетсіз әкімшілік кедергілерді қысқарту, сұрау салынатын құжаттар санын азайту арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді барынша оңтайландыру, ашықтығын қамтамасыз ету әбден қолдауға тұрарлық. Бүгінгі күні реформалар табысы ұлт бірлігіне бастар жол еке­ні ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің ширек ғасырға жуық кезе­ңі қазақстандықтардың биік белестерді бағындыра алатынын көрсетіп берді. Оны мек­теп-интернаттың күнделікті өмірінен де көруге болады. 10 этнос өкілінен құралған 130-ға жуық қызметкеріміз бейбітшілік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгілерін көрсетіп келеді. Құра­мында 6 тәрбиеленуші бар клас­си­калық би тобы жуырда Италияда өткен халықаралық байқауда Гран-приді иеленді. Барып-қайту жол­сапарына аймақ басшысы Ерік Сұлтанов қаржылық қолдау көрсетті. Қазір мұнда есту қабілетінен айырылған 145 кемтар бала тәрбиеленеді. Мекеменің еліміз бойынша орта білім беретін жалғыз мектеп-интернат екенін ескерсек, Үкімет тарапынан жасалып отырған қамқорлық айрықша екенін баса айтқым келеді. Соңғы 6 жылда 11 түлегіміз жоғары білім алып шықты. 3-і магистратурада оқиды. Мектепалды дайындық тобы жұмыс істейді. Азаматтық біртектілік пен бір­тұ­тастықты нығайтуға бағыт­тал­ған қазақстандық формуланың дәйек­тілікпен орындалатынына сенімдіміз.  Жанкелді ТӘЖИН, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты, облыстық арнайы коррекциялық мектеп-интернаттың директоры. Солтүстік Қазақстан облысы.