• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2016

АҚШ соты терроризм қаупі үшін өзбек жігітін 25 жылға соттады

292 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 қаңтар. АҚШ-тың Айдахо штатының федералды соты Өзбекстан азаматы Фазлиддин Қурбановтыф террорлық ұйымға қолдау көрсеткені және жарылғыш заттарды сақтағаны үшін 25 жылға соттады. Бұл туралы ras.kz хабарлады. «Фазлиддин Қурбанов «Өзбекстан ислам қозғалысы» ұйымына материалдық қолдау көрсетуге келісім беріп, әрекет жасағаны және Америка территориясында теракт жасау мақсатында бомбаларды жинастыратын материалдар сатып алғаны үшін сотталды», - деп мәлімдеді АҚШ бас прокурорының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Карлин. «АҚШ соты жасы 33-тегі Қурбанов 2015 жылғы тамызда айыпты деп тапты. Ол кесімді мерзімін өтеп болғаннан кейін отанына қайтарылады», - деп атап көрсетті АҚШ әділет министрлігінің өкілі. Прокурорлар айыптыға белгіленген жазаға қанағаттанғандықтарын білдірді. Қурбанов 2013 жылғы мамыр айында ұсталған. Бұған ФБР-дің оны электронды пошта және Skyp арқылы бірқатар елдерде, соның ішінде Өзбекстан мен АҚШ-та экстремистік топ ретінде танылған «Өзбекстан ислам қозғалысы» өкілдерімен жазысқан хаттарының мазмұнымен танысып отыруы себеп болды. Ол хат алмасу барысында өзінің АҚШ-қа жаулықпен қарайтынын, енді қолдан бомба жинап, оларды Айдоха және Техас штаттарында іске қосу ниеті бар екенін білдірген. Талғат Райымбек. Дерек, фото: ras.kz.