2015 жылғы 23 желтоқсан, Астана қаласы
Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы «4» желтоқсандағы Заңының 39-бабы 3 тармағы 50) тармақшасына және 49-бабы 18 тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тiзбесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекiту туралы»2015 жылғы 10 ақпандағы № 79 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015 жылғы 17 ақпандағы 86762 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 2 наурыздағы ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойлды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы №677 бұйрығымен бекітілген
Егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды тiзбесi
1. Тамақ өнімдері.
2. Жанар-жағармай материалдары.
3. А-4, А-3 форматты «қағаз».
4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жұмыстар.
5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.
6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.
7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.
8. Автокөлік қызметтері.
9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.
10. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:
1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;
2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;
3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;
4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;
5) күзетпен, дабылдаумен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету;
6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары;
7) лифттық жабдықты техникалық кызмет көрсету.
11. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы).
12. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер.
13. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер.
14. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
15. Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
16. Заң жобасы нормативнтік құқықтық актілері мен ұғымдардың ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер.
17. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.
18. Жалға алынатын ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.
19. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.
20.Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.
21. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметтер.
22. Мүгедектерге арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.
23. Мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметтері.
24. Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау маманының қызметтері.
25. Мүгедектерді арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.
26. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.
1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;
2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;
3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;
4) қазылатын шұңқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;
5) нөсер кәрізін пайдалану;
6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;
7) селге қарсы іс-шаралар;
8) кәріздерден ағынды суларды шығару;
9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;
10)көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.
27. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.
28. Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарын (көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін), транзиттік нөмірлерді дайындау бойынша қызметтер.
29. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша қызметтер.
30. Астана қаласындағы республикалық тутұғырды күтіп ұстау және қызмет корсету.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12716 болып енгізілді.