«Астана» өңірлік қолбасшылығында «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында Ұлы Отан соғысының танкіші ардагері Исмағил Ғалиуллин жас әскери қызметшілерге шеберлік-сыныбын өткізді.
Тоқсан жасқа келгеніне қарамастан, жауынгерлік машинаны басқару дағдысын жоғалтпаған ардагер Т-72 танкісінің иінтірегіне отырды. Қазіргі кезде армияның жарағында анағұрлым ауыр құрышты, қару-жарағы мен техникалық тұрғыда жабдықталған заманауи жауынгерлік машиналар бар екенін айта кетейік. Алайда, танкіші ардагер үшін жаңа техниканы меңгеру аса бір қиындық туғызған жоқ.
Исмағил Ғалиуллин Ұлы Отан соғысы жылдары танкіші болды және өзінің қызмет еткен жылдарын есіне түсіргісі келді. «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері ардагерге бұл жайтты есіне алуға көмектесті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Ғалиуллин атышулы Т-34-те шайқасты. Бүкіл Еуропаның шайқасын бастан кешіріп, соғысты Берлинде аяқтады.
Жақында ғана Ұлы Отан соғысының ардагері өзінің 90 жылдығын атап өтті. «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Сұлтан Камалетдинов ардагерді құттықтап, бағалы сыйлық табыс етті. «Исмағил Ниғматұлы, біз сізге ұзақ ғұмыр тілейміз және әрқашан көмектесуге дайынбыз. Бүгінгі таңда сіз сияқты Ұлы Отан соғысының ардагерлері өте аз қалды. Біз ерлігіңізді ешқашан ұмытпаймыз», – деді қолбасшы өзінің сөзінде.
«Егемен-ақпарат».