• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

БҰҰ: 2016 жылы мұнайдың орташа құны 51 долларды құрайды

396 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 қаңтар. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік кеңесі «Әлемдегі экономикалық жағдай және оның болашағы» атты баяндамасында Brent маркалы мұнайдың осы жылғы орташа көрсеткіші барреліне 51 долларды құрайтыны туралы болжам жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Баяндама 2015 жылдың соңына таман дайындалған. Ал соңғы аптада бағаның күрт төмендегені есепке алынбады. «Егер де 2016 жылы мұнайға деген сұраныс артып, ал өндіріс көрсеткіші қазіргідей қалар болса, бағасы барреліне 51 долларды құрауы мүмкін, ал 2017 жылы 62 долларға дейін барады деген болжам жасалады», – дейді баяндамада. Сарапшылардың болжамы бойынша, биыл мұнай жеткізілімі өткен жылдың көлемінде болады (БҰҰ-ның есебімен күніне 95,9 миллион баррель). Алайда, АҚШ-тың мұнай өндіруі күніне шамамен 400 мың баррельге дейін азаяды деп топшылайды. Ал сатып алушы мемлекеттерде мұнай қоры артады. БҰҰ мамандарының пікірінше, Еуропа экономикалық ынтымақтастықтық және даму ұйымына мүше елдерде 2014 жылдың соңына таман 2,7 миллиард баррельге жеткен және бұл көрсеткіш алдағы жылдары артып, рекордты деңгейге жетеді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: mignews.com.