• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Сенат Аппаратының басшысы тағайындалды

327 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Сенат Аппаратының басшысы болып Серік Сламжанұлы Сыдықов тағайындалды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. С.Сыдықов 1962 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Қазақстан Республикасы Парламентінде 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сенат Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Сенат Аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. «Құрмет» орденімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.