• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Орайы келген оңды іс

251 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысы өтті. ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың басқаруымен өткен жиында 2016 жылғы 20 наурызға Қазақстан Республикасы мәслиxаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау және Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың тиісті күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы қаулы қабылданды. Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің дауысқа салуымен Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарлары, сондай-ақ, аталған науқанды ұйымдастыруға қажетті сайлау құжаттарының үлгілері бекітілді. Сондай-ақ, отырыста Парламент Мәжілісі өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын 2016 жылғы 20 наурызға және Қазақстан xалқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2016 жылғы 21 наурызға тағайындағаны атап өтілді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов өз кезегінде: «Біз бүгін мәслиxаттар депутаттарының сайлауын тағайындау туралы қаулы қабылдадық. Бұған қоса, біз Мәжіліс пен мәслиxаттардың сайлау­ларына қатысты қалыпты құжаттарды бекіттік. Олардың барлығы стандартты құжаттар», – деді. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».