• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

312 рет
көрсетілді

2016 жылғы 20 қаңтар  №3/82   Астана қаласы

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Консти­туция­лық заңының 12-бабы 14) тармақ­шасына, 101-бабына сәйкес Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Орталық сайлау комиссия­сы қаулы етеді: 2016 жылғы 20 наурызға Қазақ­стан Республикасы мәслихаттары депу­тат­тарының кезекті сайлауы тағайындалсын. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құ­ралдарында жариялансын. Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ ––––––––––––––––––––––

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 20 қаңтардағы

№ 3/82 қаулысымен бекітілген

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің жоғарғы органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері және азаматтар – өзін-өзі ұсыну жолымен Сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады 20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады (103-б. 6-т.) Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпа­рат құралдарында жариялау Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде 27 қаңтардан кешіктірмей (23-б. 5-т.) Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялау Аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей 27 қаңтардан кешіктірмей (17-б. 2-т.) Округтік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жер­лерін, сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын көрсете оты­рып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 30 қаңтардан кешіктірмей (14-б. 6) т., 15-б. 3-т., 22-б. 2-т., 4-т.) Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 30 қаңтардан кешіктірмей (13-б. 4-т.) Сайлау округін көрсете отырып, тиісті қоғамдық бірлестіктің мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешімін және кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін, сондай-ақ азаматтың дауысқа түсу ниеті туралы өтінішін округтік сайлау комиссиясына ұсыну Қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған азаматтар 20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады (103-б. 3-т., 4-т.) Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Округтік сайлау комиссиялары Үш күн ішінде (103-б. 8-т.) Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және олардың әрқайсысына тиісті куәлік беру Округтік сайлау комиссиялары Кандидат сенім білдірген адамдардың тізімін және сол адамдардың кандидаттың сенім білдірген адамдары болуға келісетіні туралы өтініштерін тапсырғаннан кейін (16-б. 5) т., 31-б.) Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларация­ларды ұсыну Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (104-б. 1-1-т.) Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу, хаттама жасау және әрқайсысына тиісті куәлік беру Округтік сайлау комиссиялары Сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, оған жиырма бес күн қалғанда аяқталады 20 қаңтарда басталады және 23 ақпанда аяқталады (16-б. 5) т., 104-б.) Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну Округтік сайлау комиссиялары Бес күн мерзім ішінде (104-б. 5-т.) Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Округтік сайлау комиссиялары Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей 1 наурыздан кешіктірмей (16-б. 5) т., 104-б. 6-т. 1) т.) Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру Салық қызметі органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 1-1-т.) Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тіркеу Округтік сайлау комиссиялары Кандидаттың тіркелгеннен кейін өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (34-б. 2-т.) Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қор­ларының арнаулы уақытша шоттарын ашу Округтік сайлау комиссиялары Кандидаттар тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) Кандидаттардың арнаулы уақытша шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Округтік сайлау комиссиялары Айына екі рет (34-б. 6-т.) Сайлау алдындағы үгітті жүргізу Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 24 ақпанда басталады және 18 наурызда 24:00 сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Жергілікті атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгі­леу және оларды жарақтандыру Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 6-т.) Әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 28 ақпаннан кешіктірмей (24-б. 5-т.) Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 4 наурыздан кешіктірмей (26-б. 1-т.) Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқ­таудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу Аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей 12 наурыздан кешіктірмей (38-б. 1-т., 3-т.) Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 9 наурыздан кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) Округтiк сайлау комиссиясының сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерiн анықтау жөніндегі отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, сайлау учаскесін айқындау Округтік сайлау комиссиялары Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 9 наурыздан кешіктірмей (43-б. 8-1-т.) Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары Сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 18 наурыздан кешіктірмей (16-б. 7) т., 37-б. 3-т.) Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және сайлау учаскесінің ашылғаны туралы хаттама жасау Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) Дауыс беруді өткізу Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) Сайлау учаскесінде сайлау округтері бойынша мәслихат депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жасау Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) Сайлау учаскесінде сайлау округтері бойынша дауыс беру нәти­желері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссияларына ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін белгілеу және сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау Округтік сайлау комиссиялары (16-б. 9) т., 43-б. 8-1-т., 108-б. 2-т.) Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнің үй-жайында ілу Округтік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-1-т.) Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлу Округтік сайлау комиссиялары Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей 24 наурыздан кешіктірмей (43-б. 8-2-т.) Сайлау нәтижелері туралы хаттаманы аумақтық сайлау комиссия­сына ұсыну Округтік сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде 21 наурыздан кешіктірмей (108-б. 2-т.) Мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау Аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен аспайтын мерзімде 24 наурыздан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 2-т., 111-б.) Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды жер­гілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Округтік сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 26 наурыздан кешіктірмей (16-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) Мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды және олардың тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 26 наурыздан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т., 46-б. 3-т. 1) т.) Округтік сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну Сайлау қорларын құрған мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.) Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Округтік сайлау комиссиялары Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде (34-б. 4-т.) Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру Аумақтық сайлау комиссиялары (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Респуб­лика­сындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді. ------------------------------------

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 20 қаңтардағы

№ 3/83 қаулысына 1-қосымша

2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну Саяси партиялардың жоғары органдары Сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда аяқталады (87-б. 5-т.) Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде 27 қаңтардан кешіктірмей (23-б. 5-т.) Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей 27 қаңтардан кешіктірмей (17-б. 2-т.) Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 30 қаңтардан кешіктірмей (13-б. 4-т.) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен партиялық тізімді, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені азаматтардың депутаттыққа кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерімен бірге ұсыну Саяси партиялардың жоғары органдары 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда аяқталады (87-б. 2-т., 3-т.) Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республи­ка­сындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Консти­туциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Саяси партия партиялық тізімін ұсынғаннан кейін басталады (86-б.) Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу Аумақтық сайлау комиссиялары Саяси партия сенім білдірілген адамдарының тізімін тіркеу үшін ұсынғаннан кейін (14-б. 2-1) т., 31-б.) Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды тапсыру Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Партиялық тізім тіркелгенге дейін (89-б. 2-т.) Партиялық тізімдерді тіркеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады 20 қаңтарда басталады және 19 ақпанда аяқталады (89-б. 8-т.) Партиялық тізімдердің тіркелгені туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін оныншы күннен кешіктірмей 28 ақпаннан кешіктірмей (89-б. 6-т. 1) т.) Саяси партия ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жария­лаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру Салық қызметі органдары Партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (89-б. 2-т.) Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгізу бо­йынша жеребе тартуды өткізу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (37-б. 1-т.) Саяси партиялардың сайлау қорларын тіркеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Партиялық тізім тіркелгеннен кейін саяси партияның өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (34-б. 2-т.) Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Партиялық тізім тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) Саяси партиялардың арнаулы уақытша шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Айына екі рет (34-б. 6-т.) Сайлау алдындағы үгітті жүргізу Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 20 ақпанда басталады және 18 наурызда 24:00 сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) Саяси партияларға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды бел­гілеу және оларды жарақтандыру Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 6-т.) Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқау­шы­ларын аккредиттеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Дауыс беру күніне бес күн қалғанда аяқталады 14 наурызда аяқталады (20-2-б. 2-т., 4-т.) Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлау­шы­лар­дың тізімдерін акт бойынша сайлау комиссиясына ұсыну Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 28 ақпаннан кешіктірмей (24-б. 5-т.) Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлау­шыларға ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 4 наурыздан кешіктірмей (26-б. 1-т.) Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлау­шы­ларға жеткізу Аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей 12 наурыздан кешіктірмей (38-б. 1-т., 3-т.) Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 9 наурыздан кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілетін күнге кемінде бір күн қалғанда 18 наурыздан кешіктірмей (37-б. 3-т.) Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) Дауыс беруді өткізу Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру нәти­желері туралы хаттама жасау Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгi­лен­ген орынға ілу Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиіс­ті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (94-б. 1-т.) Сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссияларына ұсыну Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (94-б. 2-т.) Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Сайлау күнінен бастап екі күндік мерзімнен асырмай 21 наурыздан кешіктірмей (94-б. 2-т.) Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей 26 наурыздан кешіктірмей (12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 97-б.) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну Саяси партиялар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей 29 наурыздан кешіктірмей (12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.) Сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (12-б. 10) т., 45-б., 46-б. 2-т., 98-б.) Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде (34-б. 4-т.) Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Респуб­ли­касындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Консти­туциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді. -----------------------------------------

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 20 қаңтардағы

№ 3/83 қаулысына 2-қосымша

2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған,

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

  Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Сайлау күнінен бір ай бұрын басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда аяқталады 20 ақпанда басталады және 29 ақпанда аяқталады (87-б. 5-т.) Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы шешімін азаматтардың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерімен бірге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі 20 ақпанда басталады және 29 ақпанда аяқталады (87-б. 4-т.) Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы шешімі ұсынылғаннан кейін басталады (86-б.) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Кандидат сенім білдірген адамдар тізімін тапсырған соң (14-б. 2-1) т, 31-б.) Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды тапсыру Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (89-б. 2-т.) Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлаудан жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда аяқталады 29 ақпанда басталады және 5 наурызда аяқталады (89-б. 8-т.) Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін үшінші күннен кешіктірмей (89-б. 6-т. 2) т.) Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру Салық қызметі органдары Кандидат тіркелген күннен бастап үш күннің ішінде (89-б. 2-т.) Сайлау алдындағы үгіт Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күнінің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 6 наурызда басталады және 19 наурызда 24:00 сағатта аяқталады) (27-б. 2-т.) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 10 наурыздан кешіктірмей (93-1-б. 2-т.) Сайлаушылардың тізімін акт бойынша Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясына беру Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Дауыс беру күніне дейінгі жеті күн бұрын 13 наурыздан кешіктірмей (24-б.) Сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға (Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне) ұсыну Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Дауыс беру күніне дейінгі бес күн бұрын 15 наурыздан кешіктірмей (26-б.) Дауыс беру пунктін ашу және дауыс беру пунктін ашу туралы хат­тама жасау Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын (40-б., 93-1-б. 3-т.) Дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері ту­ралы хаттама жасау Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Сайлау күні (43-б., 94-1-б.) Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн дауыс беру пунктінде жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орын­ға ілу Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т., 94-1-б. 3-т.) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария ету Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін (93-1-б. 5-т., 94-1-б. 2-т.) Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсыру Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Сайлау күнінен бастап екі күндік мерзімнен асырмай 22 наурыздан кешіктірмей (94-1-б. 2-т.) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау өткен күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей 27 наурыздан кешіктірмей (12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 97-б.) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау өткен күннен бастап он күннен кешіктірмей 30 наурыздан кешіктірмей (12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (12-б. 10) т., 45-б., 46-б. 2-т., 98-б.) Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.
Соңғы жаңалықтар