• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2016

Құпия ақпараттар өзара қорғалады

418 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Респуб­ли­касының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Құжатқа қол қою екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтіп, мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіндегі ақпарат алмасуды жандандыруға мүмкіндік береді. Қол қою рәсімінен кейінгі кездесу барысында еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Словак Республикасының Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юза Қазақстан-Словакия ынты­мақ­тастығының жағдайы мен оның дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар арада қалыптасқан достық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге өзара қызығушылықтарын тағы да қуаттады. Қазақстан Словакияны Орталық-Шығыс Еуропа аймағында және жалпы Еуропалық одақта өзінің сенімді саяси және экономикалық тұрақты әріптесі, сондай-ақ, достас мемлекет ретінде таниды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар