жолсерік ретінде Арқалыққа аттанды
Күні кеше «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың топ-менеджерлері тұңғыш рет «Астана – Арқалық» жолаушылар пойызының жолсеріктері ретінде сапарға аттанды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың баспасөз қызметі.
Олардың қатарында компанияның сатылым жөніндегі атқарушы директоры Айгүл Әбутәліпова, сервис жөніндегі атқарушы директор Нұрлан Исабаев, кадр бөлімінің бастығы Айгүл Нұралина, жабдықтау қызметінің бастығы Сапар Баймағамбетов бар.
Менеджерлер сапар барысында жергілікті жағдаймен жете танысып, пойыздардағы қызметтер мен сервистің сапасын арттыруға нақты қолғабыс жасайтын болады.
Осы жылдың 20 қаңтары мен 30 наурызы аралығында компанияның 30-дан астам басшы құрамының қызметкерлері 18 бағыт бойынша жолаушылар пойыздарында жолсеріктердің міндеттерін атқармақ.
Бұл бастама жолаушылар пойыздарындағы сервис сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоспардың аясында жүзеге асырылып отыр.