• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2016

«Мырзаға» мен «Бикеш»

625 рет
көрсетілді

Жуырда ауылға бардым. Ағайын-туғанмен аман­дас­қанда Еркін жеңешем «Мыр­заға» деп көрісті. Жү­регім езіліп кете жаз­дады... Осы Еркін Қамшыбек кө­ке­ме келіншек болып түс­кен­де есімді білер-білмес бес жаста едім. Өмірі атымды ата­ған емес. Үшбұлақтың қы­зы. Оның іні­сі­мен құрдас бол­дық. Ойнап-күліп бірге өстік. Ыбы­рашты Ыбы­раш дейді, мені «Мырзаға» дейді. Біз ағайынды бесеуміз. Ұлдар­дың бәрі – «Мырзаға». Ша­тасып кетпес үшін қосып ай­татын жанама лақаптары тағы бар. Мәселе онда емес, «Мырзағада». Екі қыз. Қыздарға бұйыр­ғаны «Бикеш» болды. Әп-әде­мі аттары болса да ата­май­ды. Аталар мен апалар туралы басқа әлем... Екі-үш күннен кейін қала­ға қайтамын. Алдымнан «пә­ленбай түгенбаевич» шыға­ды-ау! Қайран «Мырзаға» мен «Бикеш»... Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». КӨКШЕТАУ.
Соңғы жаңалықтар