ШЫМКЕНТ. 22 қаңтар. Отырар, Ордабасы аудандарының кәсіпкерлері салықты уақытында төлеп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Салықты уақытында төлеу-мемлекеттің қазынасының бүйрін томпайтады. Ал, бұл өз кезегінде халықтың игілігіне жұмсалатын қаржы. Облыстық кірістер департаменті басшылары Отырар, Ордабасы аудандарының салықшылары өз міндетіне жауапкершілікпен қарайды дейді.
Отырарда елу мыңнан аса халық болса, төрт мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлер бар. Олар салығын уақытында төлеп келеді. Ал, берешегі барлармен жұмыс жүргізілуде.
Салықтан түскен табыс – ел ырыздығы. Әсіресе, қазіргідей заманда.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz