ҚЫЗЫЛОРДА. 22 қаңтар. «Қызылорда қаласына жыл басында 82 жаңа автобус әкелініп, жолаушылар тасымалының сапасы жақсарады», деді қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
«Байқоңыр» ӘКК» АҚ жанынан «Қызылорда автобус паркі» құрылған болатын. Тұрғындарды үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету мақсатында 20 автобус алынды. «Қызылордаға келуі тиіс жаңа 92 автобустың былтыр 10-ы әкелінсе, биыл қалғаны жеткізіледі», дейді ол.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz