• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2016

Алматылық инвестор мекеменің 70 пайыз акциясын сатып алды

269 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 22 қаңтар. Алматыда жеке инвестор муниципалдық «Алматыэлектротранс» ЖШС акциясының 70 пайызын сатып алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Алматы әкімдігінде қаланың 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысын қорытындылауға қатысты өткен жиында қала әкімі Бауыржан Байбек: «Бүгін жеке инвестор «Алматыэлектротранс» ЖШС-ның 70 пайыздық үлесін сатып алды. Біз бұған қуанамыз. Кәсіпкер кеше ресми хат жолдады. Алдағы жарты жылда бюджеттен емес, ол өзінің жеке қаржысына Алматыға 200 жаңа "ЛиАз" автобусын сатып әкеледі. Бұл автобустар алдағы уақытта ескі автобустарды алмастырады және қаладағы жолаушылар тасымалдайтын желінің 12-15 пайызын қамтиды. Ал ескі автобустарды жолға шығаруға болмайды. Өйткені олар жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді»  деді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар