• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2016

Қауіпті індет туралы хабарламалардың ШҚО-ға қатысы жоқ

351 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 22 қаңтар. Шығыс өңіріндегі тұмаудың қауіпті жұқпалы түрлерінің ахуалы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Попов баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгінде А (H1N1) түріндегі тұмау вирусы індетке жатпайды. Бұл бар-жоғы маусымдық ауру түрі ғана. Сондықтан, тұрғындар аталған ауру түрімен жыл сайын бетпе-бет келеді. Жедел респираторлы вирустық жұқпамен ауырып, тұмау жұқтырғандардың облыс көлемінде тіркелуі 1,4 есеге азайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, А (H1N1) түріндегі тұмау вирусы бұрын өте қауіпті болатын. Ауруды анықтау да, емдеу де қиын еді. Бірақ, 2010 жылы фармацевтикалық компаниялардың дайындауымен шыққан екпелер оны маусымдық ауру түріне айналдырды. Биыл тұмаудың қауіпті түрімен ауырғандар тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде тіркелген жоқ. «2010 жылдан бастап, халық жыл сайын екпе алады. Бұл екпе жылдам таралатын ауруға жол бермейтін иммундық қорғанышты қалыптастырады. Тіпті, адам ағзасына аталған вирус түскеннің өзінде де аса қорқудың қажеті жоқ», – деді Сергей Попов. Қазіргі кезде өңірде ЖРИЖ бен тұмаудың төмендегені байқалады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының өкілі WhatsApp мессенджері арқылы таралған эпидемиологиялық жағдай жөнінде өз пікірін білдірді. «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау мекемелері кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Дәрі-дәрмек пен төсек-орын жеткілікті. Интернет желісі арқылы таралған қауіпті індет жөніндегі жалған ақпараттардың облыстағы денсаулық сақтау мекемелеріне қатысы жоқ», – деді ол. Думан Анаш. Дерек, сурет: ШҚО Ақпараттық орталығы.
Соңғы жаңалықтар