2016 жылғы 22 қаңтар №5/88 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының барлық сайлау процесіне қатысушыларға Үндеуі туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының барлық сайлау процесіне қатысушыларға үндеуінің (бұдан әрі – Үндеу) мәтіні бекітілсін.
Осы Үндеу бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Қ. ТҰРҒАНҚҰЛОВ
Хатшы Б. МЕЛДЕШОВ