• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Ағылшын отбасы 19-шы баласын күтіп отыр

348 рет
көрсетілді

Әлем-жәлем әлем Британияның Моркам қаласында тұратын ерлі-зайыпты Сью және Ноэль Рэдфордтар биылғы жылы өмірге 19-шы балаларын әкелгелі тұр. Тұңғыш перзентін 14 жасында көтеріп қойған 40 жастағы әйел қазір жүктілігінің үш айдан асқанын мәлімдеді. Ал наубайшы болып жұмыс істейтін 45-тегі отағасы осы кезге дейін ешбір несие алып көрмегенін, балаларын өзі асырап келе жатқанын мақтанышпен айтты. Бақаның тілін бақа білер Ғалымдар былтыр елдің Сан-Паулу штатындағы орманнан табылған бұл құрбақалардың бір-бірлерімен сөйлесетін өзара түсінікті тілі бар екенін анықтады. Олардың әрбір құрқылдауы мен дыбыс шығаруы сөздік қорын құрайды. Бұған қоса, жәндіктер аяқтары мен алақандарын қозғалысқа түсіру арқылы да белгілі бір ұғымдар ишарасын білдіреді екен. Африкалық қарт әйел 5 немересінің өлігін мұздатқыштан алды Оңтүстік Африка Республикасының Какамас қаласында тұратын қарт әйел 5 бірдей немересінің өлігін көшеде бұзылып тұрған мұздатқыш камерасынан тапты. Полицияның мәліметі бойынша, бір үйдің жастары үштен жетіге дейінгі аралықтағы балалары аулада ойнап жүріп, сонда бұзылып тұрған мұздатқыштың камерасына кіреді. Олар ойнап жатқанда есік жабылып, ашылмай қалады. Осыдан кейін балалардың бірде-біріне сыртқа тірі шығуды жазбапты. «Барселонаның» ойыншысы салық төлемегені үшін түрмеге түсті Испаниядағы Каталония соты «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Хавьер Маскераноға қатысты үкім шығарды. Соттың шешімімен белгілі футболшы салығын төлемегені үшін бір жылға түрмеге отырып, 815 мың еуро көлемінде айып-пұл төлейтін болды. Бірақ Испания заңнамасы бойынша, екі жылдан төмен жаза алған және бұрын сотты болмаған тұлға бұл жазаны шартты түрде де өтей алады. Қытайда пациенттің ішінен 6 метрлік құрт шықты Қытайдың Шиянь қаласындағы клиникалардың бірінде дәрігерлер пациенттің ішінен ұзындығы 6 метр­ге жететін құртты шығарды. Мұның алдында 38 жастағы науқас күн санап салмағының кеміп бара жатқанын, әлсін-әлсін құсқысы келе беретінін байқаған. Айтуынша, екі жыл бойы іші бүріп ауырған, қан аздықтан зардап шеккен. Ал медикаментоздық терапия гәптің неде екенін бірден анықтап берген. Сауд Арабиясында шахмат ойнау да күнәға жатқызылды Саудияның жоғарғы муфтиі шахмат ойынын ислам шариғатына сәйкес келмейді деп шешті. Абдуль-Азиз ибн Абдуллах Аль аш-Шейх мұны жаңа қағидат-фетвтерді таратуға арналған телешоу барысында мәлімдеді. Мәртебелі дінбасы бұған айғақ ретінде ақша тігіп ойнайтын болғандықтан, шахматтың да «құмар ойындарға» жататынын келтірді. Египет шетелдіктерге қыз сатуды заңдастырып берді Мысырда жақында қабылданған неке туралы заң шетелдіктердің жергілікті қыздарға уақытша үйленулеріне жол ашып қойды. Заңға сәйкес, енді перғауындар еліне келген меймандар өзінен 25 жас және одан да көп кіші қыздар үшін банкке 50 мың египет фунты (6383 доллар) көлемінде ақы төлейді де, оларды «туристік» немесе «маусымдық» сипатта әйел етіп ала береді.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.

Соңғы жаңалықтар