Мен, облыстық кәсіпкерлер палатасы Ақсу қаласы филиалының басшысы, жеке кәсіпкер ретінде ағымдағы жылда жария етілген Елбасымыздың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын толықтай қолдаймын.
Ұлт Жоспарында отандық өндірістің дамуына шетел инвесторларын тарту, орта және шағын бизнесті жан-жақты қолдау шаралары көрсетілгені мені аса қуантады.
Сонымен қатар, 2015 жылғы 13 қаңтарда Парламент депутаттары Мәжілісті кезектен тыс тарату және кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Мәжілісті қайта жасақтау елімізде қазіргі қалыптасқан экономикалық жағдайда аса қажет болып отыр.
Мен депутаттардың бұл ұсынысын толықтай қолдаймын. Себебі, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу ұлттық бизнеске, жалпы мемлекетіміздің дамуына теріс әсер ету қаупін тудыратын жағдайлардан қиындықсыз өтуге жол береді.
Өзім кәсіпкерлер палатасы филиалының басшысы болып 2014 жылғы сәуір айынан қызмет атқарудамын. Оған қоса жеке кәсіппен де айналысамын. Бүгінгі күні өңірде 3082 кәсіпкерлік субъектілер тіркелген, оның ішінде 2597 – жеке кәсіпкерлер. Облыста кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қажетті жағдайлар тудырылған. Жылдан-жылға ауыл шаруашылығына, жеке кәсіпкерлерге, сауда орындарының дамуына мемлекет жағынан толықтай қолдау көрсетіліп отыр. Сондықтан әлемде орын алып жатқан экономикалық қиындықтардан сүрінбей өтетінімізге сенімдіміз.
Сол үшін, біз, Ақсу өңірінің кәсіпкерлері, Парламент депутаттарының бұл шешімін толық.
Глюзя АЛПЫСБАЕВА,
кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының басшысы.
Ақсу қаласы.