«Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығының» Мемлекет басшысының Жарлығын қолдау туралы
МӘЛІМДЕМЕСІ
«Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығы» Елбасының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасын жан-жақты қолдайды. Біз Мемлекет басшысына әлемдік дағдарыс қатерлерін табысты еңсеруге бағытталған реформалардың көреген де салмақты бағыты үшін ризашылық білдіреміз. Сайлау өткізу туралы Жарлықтың уақтылығы еліміз үшін «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен дағдарысқа қарсы реформаларды ілгерілетудің жаңа кезеңіне байланысты баршаның жауапкершілігін айқындайды. Кезектен тыс Парламент сайлауы реформалардың саяси тұғырнамасын өзекті етіп қана қоймай, жастардың дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарларын талқылауға белсене қатысуларын қамтамасыз ететініне сеніміміз зор. Алдағы сайлауды Қазақстанның барлық белсенді азаматтары қолдайтынына сенімдіміз, өйткені бұл биліктің сайланбалы органдарын жаңартып, қоғамды топтастыруға және ел Парламентіндегі жұмысқа жаңа күштер тартуға қуатты серпін беретін болады.