Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің атынан Елбасы – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешіміне қолдау көрсетеміз.
Біз, қазақстандықтар үшін басты жетістік қашанда қоғамдағы бейбітшілік, тұрақтылық және келісім болып келеді. Осы мызғымайтын қазақстандық құндылықтар барлық қиындықтарды табысты еңсеріп, қуатты Қазақстан құруға көмектесуде.
Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Президент кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы уақтылы шешім қабылдап, еліміздің заң шығарушы органында азаматтарымыздың мүддесін қорғауға құқық беру үшін ашық бәсекелестікке мүмкіндік ұсынды.
Бұл шешімнен біз Президенттің қоғамдық күштер мен саяси партиялардың жоғары сындарлы әлеуетіне деген оң көзқарасын, сондай-ақ, Елбасының құрылған жылдарынан бері ұлттың бірлігін нығайтуды қамтамасыз етіп, қоғамдағы өзара қолдау мен қазақстандық патриотизм идеяларын таратудағы жұмысына деген сенімділігін көреміз.
Біз Парламент Мәжілісі депутаттарының жаңа құрамын сайлау халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға қуатты серпін беріп, Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы жоспарын жүзеге асыру үшін бүкілхалықтық бірлікті нығайтуды қамтамасыз ететініне зор сенімдеміз.
Бұл реформаларды табысты жүргізу үшін оңтайлы жағдайлар қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға жағдай туғызатын болады.