«Ардагер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент Мәжілісін тарату және оның депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды.
Біздің елімізде, Президент саясатының арқасында, татулық, тұрақтылық, қоғамдық келісім қамтамасыз етілуде, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету бойынша шаралар кешені жүзеге асырылуда. Елді қорғау мен адамдарға қамқорлық саясаты, тіпті, ең қиын дағдарысты жылдарда да өзгеріссіз күйінде қалды.
Елбасының кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімі тұрақтылықты нығайтуға және жаһандық дағдарыс зардаптарын еңсеру үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызу жөніндегі бағытқа қолдау көрсетуге бұрынғыдан бетер жағдай жасайтын болады.
Ұлт Жоспарында және Президенттің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында әлеуметтік саясат саласындағы мәселелердің үлкен блогы бейнеленген. Сонымен бірге, күрделі мәселелерді шешу бүкіл азаматтар үшін міндет болуы тиіс екендігі де айтылды. Біз мұның адами және материалдық ресурстарға ие және адамдардың проблемаларын көруге және шешуге қабілетті саяси партиялар үшін айрықша көкейкесті екенін түсінеміз.
Сондықтан да біз кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қою туралы шешімді реформалар стратегиясы мен дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру бойынша заңды қадам ретінде қабылдадық.
Біз патернализмнен аулақпыз және зейнеткерлерді өз ұйымымыздың шеңберінде біріктіре отырып, Мәжілістің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдіреміз.
Біз дағдарысқа қарсы реформаларды жүргізу және біздің Президентіміздің басқа да бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысқа белсенді атсалысуға дайынбыз.