• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Болашағымызды айқындап берді

271 рет
көрсетілді

Мешін жылының алғашқы күнінен бас­тап «5 институттық реформаны жүзеге асыру бо­йынша 100 нақ­ты қа­дам» Ұлт Жос­парын орын­дау­дың прак­тикалық ке­зеңі бас­талып кет­кені белгілі. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне, бо­ла­шаққа бағдар бере­тін игі қа­дам­ның басталып кеткенін барша халыққа әйгілейтін шара. Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты жаңа бағдарламасын мұқият оқып шықтым. Зайсан аудандық мәслихатының депутаттары да бұл мақаламен танысып, өздері сайланған округтерде болып, жұртшылықпен кездесіп, мақаланың маңызды жақтарына тоқталуда. Ұлт Жоспарының басым ба­ғыт­тарының жиынтығы іспетті «100 нақ­ты қадамға» қадам басу­дың нақ­ты жолдарын тайға таңба бас­қан­дай етіп көрсеткен мақа­ланы оқып шыққанда көз алдыма еліміз қол жеткізген табыстар елестеді. Алғаш тәуелсіздік алған кезде жағдай қандай еді? Ата-бабаларымыз мың­даған жылдар аңсаған дербес мем­лекет болу жолында, нарықтың қиын кезінде тұйықтан жол таба біл­ген, халықты болашаққа баста­ған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ма­қа­лада автор Қазақстанды әлем­дегі ең озық 30 елдің қатарына ен­гізу үшін не істеу керектігін, ел аза­мат­тарының жұдырықтай жұ­мы­лып, сол арманның жүзеге асуына үлес қосуы қажеттігін айтады. Ал арманды жүзеге асыратын адам­дар екені белгілі. Осы орайда, шал­ғай­дағы Зайсан ауданында да «100 нақ­ты қадам» бойынша қандай жұ­мыс­тар тындырылғанын айта кеткен жөн. Соңғы жылдары аудан экономикасында өсіп-өркендеу, алға жылжу бар. Өткен жылы 13 мил­лиардтан астам теңгенің өнім­дері шығарылды. Ау­дан орталығы мен бірне­ше елді мекендерге көгіл­дір отын тартыла бастады. Ауданда мал басы өсіп, өткен жылы мемлекетке ет, сүт тапсыру жоспары орындалды. Айнабұлақ және Сары­терек ауыл­дарында за­манауи дәрі­герлік амбулаториялар пайдалануға беріліп, отызға тарта жұмыс орны ашылды. Бұрын­дары ауыл тұрғындары ем-дом алу үшін аудан орталығына сабыл­са, бұдан былай өз ауылдарында қа­былдай алады. Дайырда Мәдениет үйі, Қараталда спорт модулі ашылды. Зайсан қаласында бірнеше әлеуметтік нысандар, «Рахат» сау­да үйі, Абай саябағында хакім Абай­ға ескерткіш ашылып, жазушы Қалибек Алтыбаевтың «Абай әле­мі» сөзжұмбақ кітабының тұсау­кесері өтті. Бір күн бұрын Зайсанда заманауи талапқа сай жылдың төрт мезгілінде де балалар мен қала тұрғындары спортпен алаңсыз шұғылданатын бассейн пайдалануға берілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлері тарихи оқиғаларға орай мәдени шараларды тұрақты өткізіп тұрады. Жастар форумы, Абай оқулары, дін мәселесі жө­нінде келелі жиындар ай ­сайын өтеді. Жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, патриоттық сезімді қалыптастыру бағытында да іс-шаралар тұрақты өтеді. Қорыта айтқанда, Зайсан ауда­нының тұрғындары алдағы уақыт­та да Ұлт Жоспарын жүзеге асыруда ізденіс пен ілкімділік таныта береді. Дәулет ЫДЫРЫШЕВ, Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы. Шығыс Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар