• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Менің арманым

5929 рет
көрсетілді

Армансыз адам жоқ. Менің де көңілімде ізгі тілектерім көп. Мен адамдардың ешкімді ұлтына, наным-сеніміне бөле жармайтын, ашық аспан астында жемісті еңбек етуге жағдай жасалған, әрбір отбасында қуаныш салтанат құрған қоғамда өмір сүргенін қалаймын. Қуанышқа орай, менің бұл ниетім Елбасы мақаласында атап көрсетілген қазақстандық арманмен сәтті ұштасады. Қазақстандық арман! Осынау екі ауыз сөздің астарында нендей мағына жатқанын бүгінде әрбір отандасымыз, жалпы қоғамымыз терең түсінеді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев уақыт талабына сай даму үшін біріншіден жаңа мақсаттар мен міндеттер белгіленуі керек екенін басты назарда ұстап келеді. Онсыз ешқандай халық ілгері жылжымасы анық. Осы орайда, Біріккен Ұлттар Ұйымы да өзінің Мыңжылдық декларациясы талаптарының орындалуына көңіл бөлуде. Ал Қазақстан аталған Мыңжылдық декларациясында көрсетілген стратегиялық мақсат-міндеттерді орындауға басымдық беріп келеді. Біздер, бесінші ша­қы­ры­лымдағы Парла­мент Мәжілісінің депу­таттары осы ауқым­ды құ­жатты жүзеге асыру үшін қажетті көптеген заң жобаларын қабылдауға барынша күш салдық. Нәтижесінде, бұл заңдар жаңа 2016 жылдан ел игілігіне жұмыс істей бас­тады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, жаңадан қабылданған бұл заңдар қазірден бастап Қазақ­станның әлемдік стандарттарға сай жоғары деңгейде дамуына ықпал етуде. Президенттің «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы өзіме қатты әсер еткендіктен, оған байланысты үн қоспай қала алмадым. Өйткені, Ұлт Жоспары біздің еліміздің, жұртымыздың болашағын айқындаған, терең мәнге ие құжат. Оны жүзеге асыру – жалпыхалықтық міндет. Жалпы, Ұлт Жоспарымен таныса отырып, Елба­сының сөзі мен ісі сәйкес келетін ірі тұлға екеніне тағы бір рет көзім жетті. Елбасы өз мақа­ла­сында реформаларды табысты жүзеге асыру үшін, ең алды­мен, ел ынтымағы мен тату­лығы қажет екеніне баса кө­ңіл аударған. Шын мәнінде, бір­лік­сіз, тату­лықсыз нәтижеге жету мүмкін емес. Ортақ істе бірлесіп, жұмыла білер болсақ, бізге ештеңе де кедергі бола алмайды. Осы орайда, мен Елбасының «Біздің жолымыз – ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы», деген сөзіне екпін бергім келеді. Жалпы, Елбасы мақаласы бола­шаққа деген сенімді нығайта түседі. Ол біз үшін жолымыздан адас­тырмас жарық жұлдыз секілді. Бұл ме­нің басты арманымның орын­далғанының белгісі болар, бәлкім. Надежда НЕСТЕРОВА, қоғам қайраткері. АСТАНА.
Соңғы жаңалықтар