• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Елдіктің еңсесін биіктететін шешім

267 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстан үшін ерекше жыл, ел Тәуел­сіз­дігіне 25 жыл толады. Бірақ, қазір әлемде үлкен дағдарыс болып жатыр. Дағдарыс үлкен елдер­ді де, кіші елдерді де қам­тыды. Мысалы, Қытайға да, Ресейге де, басқа елдердің бәріне де дағдарыс өз зардабын тигізуде. Барлық мем­лекеттің сол дағдарыстан қалай шығуды ойластырып, жанталасып жатқан жайы бар. Біздің Қазақстанды алатын болсақ, Президентіміз мемлекеттің жұмысын, оның аппаратын кәсібилендіру жұмысын жақсарту жөнінде Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бойынша ел алдына асқаралы міндет қойды. Сол міндеттердің ішінде, әсіресе, 5 институттық реформаның орны бөлек. Ендігі жерде мемлекеттің жүйесі осы реформаға сәйкес дамуы керек. Ал демократиялық мемлекетте жұмыс істеу дегеннің өзі – заңмен жұмыс істеу деген сөз. Заң сапалық жағынан ең жоғары дәрежеде болуы тиіс. Заңды қабылдайтын Парламент. Парламент – мемлекеттік биліктің бір тармағы. Сол себепті, заңды қабылдайтын депутаттардың жауапкершілігі өте үлкен. Қазіргідей қиын-қыстау жағдайда депутаттар ойланып-толғанып, депутаттық корпусқа, әсіресе, Мәжіліске білікті, деңгейлері жоғары, заманға сай, Ұлт Жоспарын кәсіби тұрғыда жүзеге асыра алатын депутаттардың келгені дұрыс деген тоқтам жасады. Сөйтіп, өздерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде Президентке ұсыныс жасады. Мемлекет басшысы олардың ұсыны­сын қабылдап, Бесінші шақырылған Пар­ламент Мәжілісін тарату жөнінде, сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Шынында да, біз­дің өміріміз, тағдырымыз мемлекетпен, оның ішінде мемлекеттің заңымен тіке­лей байланысты. Депутаттар ең сапалы заңдарды қабылдайтын болса, онда біз­дің ха­лықтың әл-ауқатының артуына да, мем­лекеттің дамуына да елеулі үлес қосады. Айта кететін тағы бір мәселе, Парла­мент Мәжілісіне сайлау жаңа депутат­тардың келуіне мүмкіндік береді, партия­лардың да белсенділігін арттыруына жол ашады. Партиялар Мәжіліске өздерінің қолдарынан іс келетін, білікті тұлғаларын ұсынулары керек. Қорыта айтқанда, Елбасының осындай салиқалы шешімін қолдаймын, халықты да соны қолдауға шақырамын. Жабайхан ӘБДІЛДИН, академик. АСТАНА.