• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

«Аделияның» қияры Ресейге де жетеді

369 рет
көрсетілді

Шымкенттен Бадам ауылына баратын тас жолдың оң жақ тепсеңінде Қазақстандағы ең алып жылыжайлардың бірі бар. «Аделия» жылыжайына Оң­түстікке сапарларының бірінде Елбасының өзі келіп, атқары­лып жатқан жұмыстарына риза­шы­лығын білдірген. Оңтүстік кәсіп­керлерімен жүздесіп, шаруашы­лықтарының жай-жапсарымен танысқан. Сол «Аделия» бес гектар аумақта қияр көшетін егуді бастап кетті. Осыншама аумақты игеруге мол қаржы қажет. Үкіметтік қол­дау арқылы «ҚазАгро» ұлттық хол­­­дингінен 2 млрд. 200млн.-ға жуық қаржы алған шаруашылық әлем­дік технологияның жетіс­тік­терін пайдаланып өнімді мол алуда. Серіктестіктің бас агрономы Дмитрий Ковченко жылыжайға қиярдың өнімділігі жоғары «Ней­мар» сұрыпты көшеті егіліп жат­қандығын айтады. Биыл қияр, қызанақтың бағасы жоғары. 600-700 теңгеден түспей тұр. Ал солтүстік облыстарда килосы мың­ға дейін тартады. Яғни, «Аде­лияның» ұпайы түгел. Жылыжай іші күндізгідей жарық. Көгілдір отын келіп тұр, қа­лыпты температура 18 градус. Егі­луге дайындалған 180 мың түп көшетке керекті минералдық қоспалар дайын. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекетіміз бой­ынша жылыжайдың 87 пайызын қам­тиды. Осыншалық жылы­жай­лар­дың өнімі сатылмай қалған емес. Көкөніс пісетін кезде алып көліктерге мінген ресейлік кәсіп­кер­лер көптеп келеді. Биыл диқан­дар шаруасына қауырт кірісіп жатыр. Ресейдің жеміс-жидек, көкөніс, бау-бақша өнімдеріне деген сұранысын қамтамасыз етіп отырған Түркия нарықтан шеттетілді. Жоғары технологиямен жұмыс жасайтын, өнімдері халықаралық стандарттарға сай «Аделияның» көкөністерін Ресей бұрын да алып келген, қазір бұрынғысынан да көп алмақ. Қалай дегенде де, диқандардың маңдай тері ақталғалы тұр. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.  
Соңғы жаңалықтар