• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Сальвадорда тұрғындарға бала туудан бас тартуға кеңес берілді

292 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 қаңтар. Орталық Америкада орналасқан Сальвадор мемлекетінде тұрғындарға алдағы екі жылда бала туудан бас тартуға кеңес берілді. Оған ел аумағында зика індетінің таралуы себеп болып отыр. Бұл туралы euronews телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мамандардың айтуынша, аталған вирус анадан балаға беріледі екен. Салдарынан баланың бойында әртүрлі ауруларды қоздырып, микроцефалияға (бас сүйек пен мидың жетілмеуі, ақыл-ойдың дамымауы және неврологиялық ауытқушылық) және көру мүмкіндігінің нашарлауына әкеледі. Қазірдің өзінде вирустан сақтанған АҚШ өз азаматтарына әлемнің 22 еліне бармауға кеңес беруде. Бұл жөніде осы елдің Ауруларға бақылау жүргізу және алдын алу орталығының маманы Бет Белл: «Зика індеті аяғы ауыр әйелдердің ағзасына ерекше әсер етеді. Сондықтан әзірге кесел тараған аймақтарға бармаған дұрыс», – дейді. Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Латын Америкасының бірқатар елінде зика вирусының тарағанын хабарлаған болатын. Індет салдарынан Бразилия ең көп зардап шегіп отыр. Қазіргі таңда бұл елде микроцефалия белгісі бар 3,5 мың жаңа туған нәресте тіркеуге алынған. Негізінен маса арқылы таралатын бұл вирус адам өмірі үшін аса қауіпті емес. Көбіне жеңіл әсер етеді және бірнеше күнде өздігінен жойылып кетеді. Алайда, аяғы ауыр әйелдер үшін үлкен қауіп төндіріп тұр. Мамандар әзірге кеселдің алдын алатын дәрі-дәрмекті тапқан жоқ. Еламан Қоңыр. Дерек: euronews. Сурет: materlife.ru.
Соңғы жаңалықтар