• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2016

Канадада мектеп оқушысы 4 адамды атып өлтірді

356 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 қаңтар. Канаданың Ла-Лош қаласында мектеп оқушы өзінің екі бауыры мен екі адамды атып өлтірді. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Ла-Лош қаласы басшысының міндетін уақытша атқарушы Кевин Жанвье: «Ол үйінде өзінің екі бауырын атып, артынша мектепке келген. Қолындағы қарумен оқ жаудырған. Салдарынан бір адам мен менің осы мектептегі мұғалім қызым қайтыс болды», – дейді. Айта кетейік, Кевиннің 23 жастағы қызы Мари Жанвье мектепте ұстаз болып жұмыс жістейді. Ал төртінші марқұмның кім екені әзірге белгісіз. Сондай-ақ, күдікті тағы екі адамды ауыр жаралаған. Олар қазір аурухананың жансақтау бөлімінде. Полицейлер мектепте атыс ұйымдастырған оқушының кім екені, мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге хабарламады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.
Соңғы жаңалықтар