АСТАНА. 25 қаңтар. АҚШ-тың шығыс аймақтарында толассыз жауған қардың салдарынан 31 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті тұрғындар жол-көлік оқиғаларынан алған жарақаттары, газға уланулары және қар тазалау жұмыстары кезінде физикалық тұрғыдан артық қималдап, жүрек талмысына алып келуіне байланысты көз жұмды.
АҚШ-тың бірнеше қалаларында толассыз жауған қардан мемлекеттік қызмет орындары жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Осыған байланысты ел астанасы Вашингтон басшылығының қызметкерлеріне де демалыс күндері берілді. Сондай-ақ, соңғы күндері табиғаттың тосын сыйынан бірнеше мың әуе рейстері кейінге шегерілді.
Айта кетейік, өткен демалыс күндері АҚШ-тың 11 штатында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алғашқыда мамандар Вашингтонда жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жетеді деп топшылаған. Алайда, бұл көрсеткіш кейінірек 1 метрге дейін жетті. Осыған байланысты Нью-Йорк және Нью-Джерси аймағын су басу қаупі төніп тұр. Ал Виргиния штатында 1 мыңға жуық жол апаты тіркелді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.